Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 01 сәуірдегі № А-3/59 қаулысы
Мемлекеттік қажеттілігі үшін алуға
байланысты жер учаскелерін
мәжбүрлеп алу басталуы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы Заңына сәйкес, «Мемлекет басшысының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін іске асыру жөніндегі жол картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 14 наурыздағы № 30-ө өкіміне, 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № Зт-А-83 акционерлық қоғамның «АстанаГаз КМГ» хаты негізінде Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«САРЫ-АРКА» газ магистралінің құрлықтағы нысандары арналған мемлекеттік қажеттілігі үшін алуға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп алуды қаулының қосымшасына сәйкес бастау.
2. Шортанды ауданы «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне:
1) мемлекеттік қажеттілігі үшін алуға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп алу туралы хабарландырулардың мемлекеттік тіркеуін өткізу;
2) мемлекеттік қажеттілігі үшін алуға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп алу туралы жазбаша хабарландыруды, осы қаулы жарияланған кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей, мүлік иесіне немесе жер пайдаланушыға жіберу;
3) мемлекеттік қажеттілігі үшін алуға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп алу рәсімінің ашықтығын ұстану.
3. Келісім рәсімдер өткізу үшін мүлік иесі немесе жер пайдаланушы жүгіну орының Шортанды ауданы «Жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесін белгілеу, Шортанды кенті, Лермонтов көшесі, 16А.
4. Мемлекеттік қажеттіліктер үшін жер телімдерін алуға байланысты жер телімдерін мәжбүрлі алу осы қаулы ресми жарияланғаннан күннен бастап төрт ай мерзім өткеннен кейін іске асырылсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қабылданған сәттен үш күн ішінде ресми жариялануға тиіс.
6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкім орынбасары К.Н. Урынбасаровқа жүктелсін.
Шортанды ауданының
әкімі Г. Қасенов