2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 14-бабының 2),8) тармақшаларына сәйкес, Шортанды аудандық аумақтықсайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

1.2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса біріліп отырған күнтізбелік жоспары бекітілсін.

2.Осы қаулы Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға                                                                 С.Ерғалиев

 

Хатшы                                                                 С.Макаренко

 

 

 

 

Шортанды аудандық сайлау комиссиясының

2023 жылғы 20 қаңтардағы

№ 98/192 қаулысына қосымша

 

 

 

 

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған

Шортанды аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ

 

 

1.                Шортанды аудандық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау округтерінің тізімін бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша олардың шекаралары мен округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып жариялау

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

12.б. (2-2 т.), 22 б. 2 т.

 

2.                Аумақтық және округтік сайлау комиссияларының құрамын, олардың бұқаралық ақпарат құралдарында орналасқан орындарын жариялау,

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 29 қаңтардан кешіктірмей

(13 б. 4 т., 15-1 б. 3 т.,  22 б. 21 б. 2-1 т.)

 

3.                Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудан әкімі

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн ішінде

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

(23 б. 5 т.)

 

4.                Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 2 ақпаннан кешіктірмей

 

 

 

5.                Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Шортанды аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттарды ұсыну

 

Өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтар және саяси партияның, өзге де қоғамдық бірлестіктің филиалы

20 қаңтарда басталып, 2023 жылдың 8 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 

 

 

 

6.                Осы бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша ұсыну бойынша заңнамада көзделген құжаттарды тиісті округтік сайлау комиссиясына ұсыну

 

Азаматтар, өзін-өзі ұсыну кезінде;

Саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктердің филиалдары

20 қаңтарда басталып, 2023 жылдың 8 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

 (87 б. 5 т., 6 т.)

 

 

 

 

7.                Шортанды аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу

 

 

Округтік сайлау комиссиялары

Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін

(86, 87 б.)

 

8.                2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну

 

 

Кандидат және оның жұбайы (зайыбы)

Тіркеуге дейін

(89 б. 2 т.)

 

 

 

 

9.                Бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша кандидаттарды тіркеу

 

Округтік сайлау комиссиялары

20 қаңтарда басталып, 2023 жылдың 18 ақпанында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады

(89 б. 8 т.)

 

10.           Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хаттамаларды аудандық сайлау комиссиясына ұсыну

 

Округтік сайлау комиссиялары

Бес күндік мерзім

(89 б. 4-2 т.)

 

 

 

 

11.           Бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидаттар тіркелгеннен кейін жетінші күннен кешіктірмей

 89 б. 4-3 т. (1 т.)

 

12.           Кандидаттардың сенімді тұлғаларын тіркеу

 

Тиісті округтік, аумақтық сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелу үшін сенімді тұлғалардың тізімін ұсынғаннан кейін

14 б. (2-1 т.), 16-1 б. 6) т., 31) б.

 

13.           Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру

 

 

Мемлекеттік кірістер органдары

Партиялық тізім, кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде

 (89 б. 2 т.)

 

 

 

 

 

 

 

14.           Кандидаттардың сайлау қорларының арнайы уақытша шоттарын ашу

 

Округтік сайлау комиссиялары

Кандидат тіркелгеннен кейін

(34 б. 6 т)

 

 

 

 

15.           Кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау  

 

 

Округтік сайлау комиссиялары

Айына екі рет

 

16.           Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру

 

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

үгіт басталғанға дейін, 2023 жылғы 18 ақпанға дейін

(28 б. 6 т.)

 

17.           Сайлау алдындағы үгіт жүргізу

 

Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады

Жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталады

18 ақпан және 2023 жылдың 18 наурызында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады

(27 б. 2 т.)

 

18.           Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесу үшін Үй-жайлар беру, бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

Жергілікті атқарушы органдар және аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезеңінде

(28 б. 4 т.)

 

19.           Учаскелік сайлау комиссиясына әрбір сайлау учаскесі бойынша әкіммен қол қойған сайлаушылар тізімін акт бойынша ұсыну

 

Аудан әкімі

Дауыс беру басталғанға дейін жиырма күн бұрын

2023 жылғы 26 ақпанға дейін

(26-1 б. 1 т.)

 

 

20.           Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылар тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру күніне он бес күн қалғанда

2023 жылғы 4 наурыздан бастап

(26 б. 1 т.)

 

21.           Дауыс беру уақыты мен орны туралы сайлаушыларды хабардар ету

 

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 9 наурызға дейін

 18 б. (5 т), 38 б. 2 т. )

 

22.           Жекелеген сайлау учаскелерінде дауыс берудің басталуы мен аяқталуының өзге уақытын белгілеу және бұл туралы шешімді сайлаушыларға жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дауыс беру өткізілетін күнге дейін он күннен кешіктірмей

2023 жылғы 9 наурызға дейін

                                                                   (38 б., 3 т. 1) т.

 

 

 

23.           Учаскелік сайлау комиссияларына дауыс беру үшін сайлау бюллетеньдерін жеткізу

 

Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлауға кемінде үш күн қалғанда және бір күннен кешіктірмей

2023 жылғы 16 наурыздан ерте емес және 18 наурызға дейін

(37 б. 3 т.)

 

24.           Дауыс беру үшін сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Дауыс беру басталғанға дейін бір сағат бұрын

Егер дауыс берудің өзге басталу уақыты белгіленбесе, жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де

 

(40 б. 1 т.)

 

 

25.           Дауыс беруді өткізу

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Сайлау күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін, егер дауыс берудің өзге уақыты белгіленбесе

(38 б. 1 т.)

 

 

26.           Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттама жасау

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Егер дауыс берудің аяқталуының өзге уақыты белгіленбесе және санау басталғаннан бастап 12 сағаттан аспаса, жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-де басталады

18 б. (8 т.), 43 б.)

 

27.           Сайлау учаскесінің үй-жайында жалпыға бірдей танысу үшін арнайы белгіленген жерде дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшірмесін іліп қою

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

1. (43 б. 8 т.)

28.           Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну

 

Учаскелік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(94 б. 1 т.)

 

29.           Облыстық сайлау комиссиясына дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды ұсыну

 

Аудандық, округтік сайлау комиссиялары

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу

(94 б.)

 

 

 

 

30.           Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын бір мандатты аумақтық сайлау округтеріне белгілеу

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірмей

2023 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей

 

( 111 б., 1) т.

31.           Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабарламаны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

Сайлау өткізілген күннен бастап бес күннен кешіктірмей

2023 жылғы 24 наурыздан кешіктірмей

(111 б, 1) т.

 

 

 

 

 

 

 

32.           Шортанды аудандық мәслихатының сайланған депутаттарын куәлікті және төсбелгіні тапсыра отырып тіркеу

 

 

Аудандық сайлау комиссиясы

 (112 б.)



Қаулы
Дата публикации
20 января 2023