Шортанды ауданы әкімдігінің қаулысымен 2023 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңіне өңірлік операторды айқындау үшін комиссия (бұдан әрі-комиссия) құрылды (бұдан әрі-Оператор).Комиссияның жұмыс органы Шортанды ауданының «Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ (бұдан әрі – бөлім)болып табылады. Іріктеуге қатысу үшін 2023 жылғы 16 қаңтардан 4 ақпан аралығында әлеуетті операторлар мына өлшемшарттарға сәйкес келетін құжаттарды қоса бере отырып, өтінім бере алады:
МӨЗ-ден мұнай базасына отынды тасымалдау бойынша есеп (шығындар калькуляциясы), мұнай базасынан және жанармай құю бекетінен босату бағасын көрсете отырып, ЖЖМ операторының коммерциялық ұсыныстары.
Салық қызметтерінің бюджет алдында берешегінің жоқтығы туралы анықтамасы.
Мерзімі өткен несие берешегінің жоқтығы туралы банк анықтамасы.
Мүлікке ауыртпалықтың жоқтығы туралы анықтама (2-нысан).
Бөлінген дизель отынын толық көлемде сатып алу үшін жеткілікті сомада оператордың банктік шотынан қаржы қаражатының бар екені туралы үзінді көшірме не ЕДБ-мен кредит желісін ашу туралы ниет-хат.
Меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мұнай өнімдерін сақтау және босату үшін мұнай базаларының болуы.
Қажет болған жағдайда АШТӨ-ге дизель отынын уақтылы жеткізу үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бензин тасығыштардың болуы.
Автожанармай құю станцияларының болуы және талон жүйесі бойынша АШТӨ үшін дизель отынын босату жөніндегі келісім.
Әлеуетті Оператор әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы жұмыс органына күн сайын ақпарат беруге міндетті.
АШТӨ үшін демалыс және мереке күндері дизель отынын пайдалануға және босатуға келісім-хат.
Әрбір критерийге сәйкес келген жағдайда 1 (бір) балл берілетін болады.
Өтінімді жеке немесе сенімхат бойынша бөлімге: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 22 мекенжайы бойынша , сондай – ақ мына shortan_rsho@mail.ru,shortandy_osh@aqmola.gov.kz электрондық поштаға pdf форматында түпнұсқадан сканерленген құжаттар ретінде (кәсіпорынның түпнұсқа мөрімен және оператор - директор өкілінің қолымен куәландырылған) беруге болады.
6 ақпаннан кейін берілген өтінімдер қаралмайды.