Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша округтік сайлау комиссияларын құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңның 10-бабының 3-тармағына және  Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 94/189 «Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аумақтық сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

  1. Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау бойынша тиісті бір мандатты аумақтық сайлау округтерінде 11 округтік сайлау комиссиясы құрылсын.
  2. Шортанды аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтерінің округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру үшін қаулы Шортанды аудандық мәслихатына жіберілсін.
  3. Осы қаулы на интернет-ресурсе және «Шортанды Жаршы» және «Вестник Шортанды» газеттерінде орналастырылсын.
  4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шортанды аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                С. Ерғалиев

 

Шортанды аудандық

аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                С. Макарнеко

Дата публикации
29 декабря 2022