Шортанды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1.Шортанды аудандық мәслихатының «Бейбіт жиналыстар өткізудің кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 14 қаңтардағы № С-72/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8318 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының 3, 5, 15-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:

«3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін.

  1. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен бастап Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін.
  2. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Научный кентінің Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін.»;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы 4-тармағының 3), 5), 15) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

«3) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Шортанды кенті, Шәуәлі Рахымжанов атындағы мәдениет және демалыс саябағының алдындағы алаңнан Абылай хан көшесі, 26 А бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

5) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Жолымбет кенті, 40 лет Победы көшесінен бастап Абай Құнанбаев көшесі, 14 бойынша Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;

15) бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру бағыты: Научный кенті, Шортанды ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің «Научный кентінің Мәдениет үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алдындағы алаңнан Бараев көшесі, 15 бойынша «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми – өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі объектісінің алдындағы алаңға дейін, шекті толу нормасы 50 адам;».

  1. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шешімді жүктеу
Дата публикации
25 февраля 2022