Ақмола облыстық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

Ақмола облыстық сайлау комиссиясының

2022 жылғы 24 қаңтардағы

№ 1/180

ҚАУЛЫСЫ

 

2022 жылға тағайындалғанаудандықмаңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдықокругтердіңәкімдерінекандидаттардыңреспубликалық бюджет қаражатынан, аудандықмаңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдықокругтердіңәкімдерінсайлауғаарналғаншығыстарыныңмөлшерлерінбелгілеутуралы

«ҚазақстанРеспубликасындағысайлаутуралы» ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегіКонституциялықЗаңының 33-бабының 1-1, 2-1-тармақтарына сәйкесоблыстықсайлаукомиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аудандықмаңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінекандидаттыңреспубликалық бюджет қаражатынанөтелетіншығыстарыныңмөлшері 1-3-қосымшаларға сәйкесбелгіленсін.

Кандидаттарөздерініңсайлауалдындағыбағдарламаларыменсөзсөйлеуүшінмемлекетбөлгенқаражатшеңберіндебаспажәне/немесежелілікбасылымдардағы, теле-, радиоарналардағымақалалардыңкөлеміндербесқайтабөледі.

  1. Осы қаулықалалықжәнеаудандықаумақтықсайлаукомиссияларынажіберілсін.
  2. Осы қаулыоблыстықсайлаукомиссиясының интернет-парақшасындажариялансын.


        

Сайлау комиссиясының

төрағасыМ.Садуов

 

Сайлау комиссиясының

           хатшысыН.Политкин

 

2022 жылдың 24 қаңтарындағы

№ 1/180 қаулысына

№1 қосымша

 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері

 

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа беттен аспайтын екі мақала жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидар арқылы (тікелей эфирде немесе жазбада) сөз сөйлеу 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) радиода бағдарламамен сөз сөйлеу 10 минут-10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару-60 000 (алпыс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалдау-10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай)– 20 000 (жиырма мың) теңге сомасында.

 

 2022 жылдың 24 қаңтарындағы

№ 1/180 қаулысына

                                                                                                                               №2  қосымша

 

 

 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 2001-ден 5000 адамға дейінгі аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері

 

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа беттен аспайтын екі мақала жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидар арқылы (тікелей эфирде немесе жазбада) сөз сөйлеу 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) радиода бағдарламамен сөз сөйлеу 10 минут-10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару-70 000 (жетпіс мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалдау-10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай)– 30 000 (отыз мың) теңге сомасында.

 

2022 жылдың 24 қаңтарындағы

№ 1/180 қаулысына

                                                                                                                               №3  қосымша

 

Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттардың сайлаушылар саны 5000 адамнан астам аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ үшін республикалық бюджет қаражатынан өтелетін шығыстарының мөлшері

 

1) мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын екі мақала жариялау-50 000 (елу мың) теңге сомасында;

2) бағдарламамен теледидар арқылы (тікелей эфирде немесе жазбада) сөз сөйлеу 15 минут – 50 000 (елу мың) теңге сомасында;

3) радиода бағдарламамен сөз сөйлеу 10 минут-10 000 (он мың) теңге сомасында;

4) үгіт материалдарын шығару-80 000 (сексен мың) теңге сомасында;

5) үй-жайларды жалдау-10 000 (он мың) теңге сомасында;

6) көлік шығыстары (елді мекендердің санына және олардың округ орталығынан қашықтығына қарай)– 50 000 (елу мың) теңге сомасында.

Қаулы
Дата публикации
07 февраля 2022