«Бекітемін»
Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері
және олардың құқықтарын қорғау
жөніндегі комиссияның төрағасы
______________ М. Ақшалов
2021 жылғы «28» желтоқсан
2022 жылға арналған
Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмысының
ЖОСПАРЫ
Міндеттері:
- отбасының қолайсыз жағдайларын ерте анықтауды және анықталған отбасылармен және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасылармен жоспарлы ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау, оларды әлеуметтік оңалтуды ұйымдасыру;
- балаларға қатыгездік көрсету, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар фактілерінің алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі ведомствоаралық жұмысты ұйымдастыру;
- кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын-алу жүйесі органдары мен мекемелерінің жұмысын біріктіру және үйлестіру;
- кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету;
- кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтарының және қоғамға жат іс-әрекеттерінің алдын алу.
|
№ |
Іс-шаралар |
Жауаптылар |
Мерзімі |
|
1.1 |
КТІ және ҚҚК қызметі туралы жылдық есептілікті дайындау |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
1 ақпанға дейін |
|
1.2 |
Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарына қатысу |
КТІ және ҚҚК төрағасы және хатшысы |
Қажеттілігіне қарай |
|
1.3 |
Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырыстарын өткізу |
КТІ және ҚҚК төрағасы және хатшысы |
Айына 2 реттен кем емес |
|
1.4 |
КТІ және ҚҚК рейдтерін өткізу |
КТІ және ҚҚК хатшысы, алдын алу жүйесінің субъектілері |
Айына 1 рет
|
|
1.5 |
Ақпараттық материалдарды тарату (буклеттер, жадынамалар және т. б.) |
КТІ және ҚҚК хатшысы, алдын алу жүйесінің субъектілері |
Тоқсан сайын |
|
1.6 |
БАҚ-да кәмелетке толмағандармен және олардың заңды өкілдерімен алдын алу жұмыстарын жариялау |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
Жыл ішінде |
|
1.7 |
Каникул уақытында балалардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді бақылау |
Алдын алу жүйесінің субъектілері |
Қаңтар, наурыз, маусым, шілде, тамыз, қараша |
|
1.8 |
КТІ және ҚҚК мүшелерін, кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу жүйесіне кіретін органдар мен мекемелердің мамандарын Қазақстан Республикасының заңнамасындағы кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы мен құқық бұзушылықтарының алдын алу бөлігіндегі өзгерістер туралы хабардар ету |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
Заңдардың қабылдануына және өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне қарай |
|
1.9 |
Бірлескен іс-шаралар өткізу -комиссия мүшелерінің аудан мектептерінің оқушыларымен және олардың ата-аналарымен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізу |
Алдын алу жүйесінің субъектілері |
Жыл бойы |
|
1.10 |
2023 жылға арналған КТІ және ҚҚК жұмыс жоспарын әзірлеу |
КТІ және ҚҚК мүшелері |
Желтоқсан |
|
№ |
Іс-шаралардың атауы |
Орындауға жауаптылар |
Өткізу мерзімі |
|
2.1 |
2021 жылғы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жай-күйі туралы есеп. Қаралатын қылмыстардың жасалу себептері мен жағдайларын талдау |
Шортанды ауданының полиция бөлімі |
қаңтар |
|
2.2 |
Ата-ана міндеттерін тиісінше орындау жөніндегі комиссия ұсынымдарының іске асырылуын қарау (Е. А. Гертфельдер отбасы) |
КТІ және ҚҚК хатшысы, алдын алу жүйесінің субъектілері |
қаңтар |
|
2.3 |
Экстремистік көріністердің алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы |
Шортанды ауданының білім беру бөлімі, Шортанды ауданының жастар ресурстық орталығы |
ақпан |
|
2.4 |
Аудан аумағында тұратын мүгедек балалармен жұмыс туралы. Мүгедек балаларды оқытуды ұйымдастыру және олардың бос уақытын ұйымдастыру. |
Шортанды ауданының білім беру бөлімі, Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
наурыз |
|
2.5 |
Аудан аумағында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қолдау және баланы тәрбиелеу үшін қолайлы отбасылық ортаны қалпына келтіру туралы |
Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі |
сәуір |
|
2.6 |
2022 жылы аудан аумағында қатер тобындағы балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, бос уақытын, жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы |
Шортанды ауданының білім беру бөлімі |
мамыр |
|
2.7 |
Кәмелетке толмағандардың суидидтік мінез-құлқын анықтау және алдын алу, кәмелетке толмағандарға, олардың ата-аналарына суицидтің алдын алу бойынша психологиялық-педагогикалық көмек көрсету жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы |
КТІ және ҚҚК хатшысы, Шортанды ауданының білім беру бөлімі («дөңгелек үстел») |
маусым |
|
2.8 |
2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы КТІ және ҚҚҚ қызметінің қорытындылары |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
шілде |
|
2.9 |
2021 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс жағдайы туралы есеп |
Шортанды ауданының полиция бөлімі |
шілде |
|
2.10 |
Қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің жұмысы туралы |
Шортанды ауданының білім беру бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі маманы |
тамыз |
|
2.11 |
Кәмелетке толмағандардың ерте жүктілігінің және жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу жөніндегі денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінің жұмысы туралы |
Шортанды аудандық ауруханасы |
қыркүйек |
|
2.12 |
«Мектепке жол» акциясының қорытындысы туралы. Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасы балаларын оқу жылының басына дайындау туралы. |
Шортанды ауданының білім беру бөлімі |
қыркүйек |
|
2.13 |
Кәмелетке толмағандарды қосымша біліммен, сабақтан тыс қызметпен қамту туралы ақпарат |
Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Шортанды ауданының спорт бөлімі, БЖСМ, Шортанды ауданының жастар ресурстық орталығы |
қазан |
|
2.14 |
Кәмелетке толмағандар арасындағы нашақорлықтың, маскүнемдіктің және темекі шегудің алдын алу туралы |
Шортанды ауданының білім беру бөлімі, Шортандинская районная больница, Шортанды ауданының полиция бөлімі |
қазан |
|
2.15 |
Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасылармен өртке қарсы қауіпсіздікті сақтау бойынша алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы |
Шортанды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі |
қараша |
|
2.16 |
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2022 жылғы қызметінің қорытындылары туралы |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
желтоқсан |
|
2.17 |
Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы |
КТІ және ҚҚК хатшысы КТІ және ҚҚК мүшелері |
желтоқсан |
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Орындауға жауаптылар |
Өткізу мерзімі |
|
3.1 |
Балалар құқықтарының сақталуын бақылау мақсатында кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылығының алдын алу жүйесінің органдары мен мекемелерінің қызметін зерделеу (оның ішінде әр түрлі есеп түрлерінде тұратын білім алушылармен жүргізілетін жеке алдын алу жұмысы бойынша жалпы білім беру мекемелерінің қызметін тексеру). |
Комиссия мүшелері |
Тоқсанына 1 рет |
|
3.2 |
Ведомствоаралық алдын-алу іс-шараларды жүргізу - кәмелетке толмағандардың табысты адамдармен мотивациялық кездесулерін ұйымдастыру |
Комиссия мүшелері |
Жыл бойы |
|
3.3 |
Әлеуметтік қауіпті жағдайдағы отбасыларға арналған деректер базасын, жасөспірімдердің есепке алынған санаттарын; кәмелетке толмағандар мен ата-аналарға арналған комиссияға түсетін материалдарды салыстырып тексеру және түзету |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
Мәліметтердің өзгеруіне қарай жүйелі түрде |
|
3.4 |
Кәмелетке толмағандардың және ата-аналардың дербес істері жөніндегі комиссия қаулыларының орындалуына , сондай-ақ алдын -алу сипатындағы комиссия қабылдаған шешімдер бойынша бақылауды жүзеге асыру. |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
Жүйелі түрде |
|
3.5 |
КТІ және ҚҚ бойынша комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мәжілістерді, конференцияларды, семинарларды дайындауға және олардың жұмысына қатысу. |
КТІ және ҚҚК мүшелері |
Тұрақты |
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Орындауға жауаптылар |
Өткізу мерзімі |
|
4.1 |
Аналитикалық ақпаратты, КТІ және ҚҚ комиссиясының төрағасы мен мүшелеріне, жоғары тұрған мемлекеттік органдарға анықтамалар дайындау |
КТІ және ҚҚК хатшысы |
Қажеттілігіне қарай жыл бойы |
|
4.2 |
Қараусыздықтың, құқық бұзушылықтың, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, ынталандыру бойынша оқу-әдістемелік материалдар шығару. |
КТІ және ҚҚК хатшысы Алдын алу жүйесінің субъектілері |
Жыл бойы |
Шортанды ауданы әкімдігінің жанындағы
кәмелетке толмағандардың істері және
олардың құқықтарын қорғау жөніндегі
комиссияның хатшысы А. Локтеева
Келісілді Шортанды ауданының
полициябөлімінің бастығы
___________ А.Т. Аушакимов
«___» __________ 2021 жылғы
«Ақмола облысы білім
басқармасы Шортанды
ауданынның білім бөлімі» ММ
басшысы
___________ Ш.Х. Ахметова
«___» __________ 2021 жылғы
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының
«Шортанды аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКҚК
бас дәрігері
___________ Р.Д. Бутембаев
«___» __________ 2021 жылғы
«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Ақмола облысының төтенше жағдайлар Департаменті Шортанды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» РММ басшысы
___________ Р.К. Тәуекелов
«___» __________ 2021 жылғы