Дипломмен - ауылға

       

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасына он екі жыл толды. Алдымен ауылдық жерлерде жұмыс істегісі келетін жас мамандарға көтерме жәрдемақы ғана берілді, 2010 жылдан бастап тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жеңілдікті кредиттер қосылды.

«Дипломмен — ауылған» басым міндеттері бұрынғыдай қалды: ауылда кадрлық әлеуетті дамыту, ауылдық елді мекендерге білікті мамандарды - денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт, агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерін тарту арқылы қызмет көрсету деңгейін арттыру. 2020 жылдың қазан айынан бастап ауыл, кент және ауылдық округ әкімі аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне (E-G-3 санаты (бас маман), E-G-4 (жетекші маман) тағайындалды.

Келген мамандарға ауылда жұмыс істеу және тұру үшін несие сомасынан жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесімен 15 жыл мерзімге 100 АЕК (291,7 мың теңге) көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК дейін (4 375,5 мың теңге) тұрғын үй сатып алуға немесе салуға жеңілдікті кредит беріледі.

2021 жылы Шортанды ауданында тұрғын үй сатып алу үшін 87,5 млн. теңге сомасына 20 бюджеттік кредит берілді, оның ішінде:

білім беру - 65,6 млн. теңге сомасына 15,

денсаулық сақтау- 8,8 млн. теңге сомасына 2,

әлеуметтік қамсыздандыру- 4,4 млн. теңге сомасына 1,

агроөнеркәсіптік кешен- 8,7 млн. теңге сомасына 2,

әлеуметтік қолдау шаралары ретінде 10,2 млн. теңге сомасына 35 көтерме жәрдемақы, оның ішінде:

білім беру - 6,4 млн. теңге сомасына 22,

денсаулық сақтау - 3,8 млн.теңге сомасына 13.

«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит алған несие алушыларға мәлімет үшін: «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на қосылу жолымен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның қайта ұйымдастырылуына байланысты қарыз алушыларды одан әрі төлемдерді жүзеге асыру, соның ішінде қарыз шарттары бойынша бар берешек сомасын төлеу қажеттігі туралы келесі деректемелер бойынша хабардар етеміз:

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ

БСН: 010340000953

№ 1 Банк: «Қазақстан Халық банкі»АҚ

Банктің ЖСК KZ06601A871000955581

Банктің БСК: HSBKKZKX

Банк Кбе: 15, ТТК 423

Банк №2: «Банк Центр Кредит»АҚ

Банктің ЖСК KZ428562203114421971

Банктің БСК: KCJBKZKX

Банк Кбе: 15, ТТК 423

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Сіз Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» ММ-не немесе 2-20-68 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Дата публикации
22 декабря 2021