Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақмола облысы полиция департаментінің жергілік полиция қызметінің бастығы С.Қ. Баймұқановтың «Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. Атап көрсетілсін:

ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар, қасақана адам өлтірулер, қоғамдық орындар мен көшелердегі құқық бұзушылықтар, мас күйіндегі, соттылығы бар тұлғалардың жағынан және жасөспірімдер арасындағы қылмыстар тіркелу төмендеуін оң қарқыны;  

Көкшетау мен Степногорск қалаларында, Ақкөл, Астрахан, Бурабай, Бұланды және Есіл аудандарында отбысылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында құқық бұзушылықтардың өсуі;

Ақкөл, Астрахан, Бурабай және Целиноград аудандарында мастанған күйінде жасалған қылмыстардың өсуі;

Ақкөл, Астрахан, Бұланды, Зеренді және Шортанды аудандарында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың өсуі;

Степногорск, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Есіл, Зеренді және Шортанды аудандарында кәмелетке толмағандарға жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың өсуі;

Степногорск қаласында қоғамдық орындарда, соның ішінде көшелерде жасалған қылмыстардың өсуі.

  1. «Ақмола облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесі «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп (келісім бойынша):

жедел жағдайдың тұрақты үрдісін қамтамасыз етілсін;

тұрмыста алкогольді асыра пайдалануға бейім тұлғалармен, оларды мәжбүрлеп емделуге жолдау бойынша шараларды қолдана отырып жұмыстары жалғастырсын;

әлеуметтік қызметтермен бірлесіп, сондай-ақ волонтерлік қозғалыстар, үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтарын тарта отырып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласында жасалған құқық бұзушылықтар деңгейін төмендету және олардың алдын алу бойынша жұмыстары жалғастырсын;

жедел ахуалдың жай-күйін күнделікті талдау негізінде рецидивтік,
мас күйде жасалған және тұрмыстық қылмысты тұрақтандыруға бағытталған
профилактикалаудың бар тетіктерін қолдану бойынша жүйелі тәсілді қамтамасыз етсін;

азаматтардың отбасындағы жүйелі зорлық-зомбылық фактілері бойынша өтініштеріне тұрақты талдауды қамтамасыз етсін және
Қылмыстық кодекстің «Қинау» деген 110-бабы бойынша сотқа дейінгі
тергеп-тексеру шеңберінде өтініш берушілердің уәждерін тексеруді ұйымдастырсын;

«Ақмола облысы бойынша қылмысты атқару жүйесі департаметі» мемлекеттік мекемесімен және «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және бас бостандығынан айырумен байланысты емес оқшаулау шараларына сотталған адамдардың мінез-құлқы мен өмір сүру салтына бақылауды, сондай-ақ оларға кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуді қамтамасыз етсін;

көшелер мен басқа да қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметі күшейтсін. Модуль типіндегі стационарлық полиция бекеттерін кеңітіп, қызметін атқаруды қамтамасыз етсін;

қоғамдық орындар мен көшелерде, соның ішінде ауылдық жерлерде бейнебақылау жүйесін кеңіту бойынша шараларды жалғастырсын;

полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатарына тарту бойынша халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

аулаларды және пәтерлерді аралау кезінде балалары өгей әкелерімен, бірге тұратын адамдармен, қамқоршылармен, өгей шешелерімен бірге тұратын отбасыларға олардың өмір сүру жағдайларын, қоршаған ортасын, өмір салтын, отбасылық-тұрмыстық қатынастарды зерттей отырып, ерекше назар аударсын. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық белгілері анықталған жағдайда дереу тиісті шаралар қолдансын;

кәмелетке толмағандар жасаған үйден өз еркімен кетіп қалудың
және өз-өзіне қол жұмсаудың (оқталудың) әрбір фактісі бойынша отбасылардағы балаларға қатысты заңға қайшы іс-әрекеттерді болдырмау мақсатында олардың себептері мен жағдайларын анықтай отырып,
егжей-тегжейлі талдау жүргізсін.

  1. «Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі аудандардың, «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесімін, «Ақмола облысының полиция департаменті» мемлекеттік мекемесімен және аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, тұрақты негізде балаларға қатысты қылмыстық қолсұғушылыққа жол бермеу бойынша профилактикалық жұмысты жүргізе отырып, полиция және денсаулық сақтау органдарында есепте тұрған адамдарды тексеруді жүзеге асырсын.
  2. «Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы уақытша бейімделу
және уытсыздандыру орталықтарының жұмысын қайталап бастау бойынша қабылданған шаралар туралы ақпараттандырылсын;

аудандардың, Көкшетау мен Степногорск қалаларының әкімдіктерімен, ауылдық жерлерде медициналық куәләндіру пункттерін ашу мәселесі пысықталып, медицина қызметкерлерін медициналық куәләндіру ережелеріне үйретіп, тиісті сертификаттары беру бойынша шұғыл шаралар қолданылсын. 

  1. «Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

сотталғандар мен бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру мәселелерін ерекше бақылауға алсын;

сотталғандарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды  жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмысты жандандырсын, сондай-ақ оларды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаның 100 пайыздық орындалуын қамтамасыз етсін.

  1. Аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының әкімдіктері:

құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандырсын, формалды көзқарасты жойсын;

зорлық-зомбылықтан зардап шегетін тұлғаларға көмек көрсететін ұйымдардың жұмыс істеуін түсіндіру бөлігінде халық арасында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын қамтамасыз етсін;

кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қатысты жасалған қылмыстардың өсуінің профилактикасы жөніндегі мәселелерді нақты және тиімді шешімдер қабылдай отырып, комиссияларда қарастырсын;

оқушылардың отбасылық-тұрмыстық жағдайларын зерттеу бойынша мектептердің педагогикалық ұжымының жұмысын қайта жандандырсын;

ықтимал зорлық-зомбылыққа бейім адамдарды құқық қорғау органдарымен бірлесіп, оларға қатысты қажетті профлактикалық шаралар кешенін жүргізе отырып айқындасын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қадағалайтын мәселелері бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасарларына жүктелсін.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облысының әкімі             

 

      

 

Е. Маржықпаев

Дата публикации
19 августа 2021