Шортанды ауданында 4 сайлау округіне 14 кандидат ұсынылды, оның ішінде 4 (29%) – «Nur Otan» саяси партиясы, 10 (71%)- өзін-өзі ұсыну арқылы.
Ағымдағы жылғы 14 шілде сағат 18.00 - дегі жағдай бойынша 14 кандидат тіркелді, оның ішінде 4 - саяси партиялар, 10-өзін-өзі ұсыну арқылы ұсынылды.
Орташа бәсекелестік-3,5 адам. Кандидаттардың ең көп саны-Бозайғыр ауылдық округінде 5, Андреевка, Новокубанка, Пригородное ауылдық округтерінде 3 кандидаттан.
Саяси партиялардан «NurOtan» партиясы өз кандидаттарын ұсынды - 4 кандидат,
10 кандидат мемлекеттік қызметшілер, 2-бюджеттік сала қызметкерлері, 2-өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Орташа жасы 40 жасты құрады.
Андреевка ауылдық округі бойынша келесі кандидаттар тіркелді:
- Ермолов Алексей Юрьевич, 1962 жылы туған, әкім, «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Андреевка а. тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған
- Сәбит Ережепұлы Ысқақов, 1987 жылы туған, «Шортанды ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы, Новокубанка а. тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған
- Жансұлу Серекпайзықы Қапажанова. 1989 жылы туған, Шортанды ауданы әкімінің бас инспекторы, «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ, Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Бозайғыр ауылдық округі бойынша:
- Шаймұрат Бауыржан, 1983 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Бозайғыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі, Бозайғыр а. тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған
- Алғазин Асланбек Темербекұлы, 1991 жылы туған, «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Шортанды к. тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған,.
- Қазантаев Қанат Мұратұлы, 1988 жылы туған, «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Шортанды к. тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Амантай Қабыкенұлы Мурзабаев, 1958 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Бозайғыр а. тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған
- Уатхан Табиғат, 1990 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасы Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Мықтыкөл ауылының негізгі орта мектебі» КММ география пәнінің мұғалімі, Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Новокубанка ауылдық округі бойынша:
-Мардан Рахат, 1975 жылы туған, әкім, «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Новокубанка а. тұрады, «Nur Ota»" партиясының аудандық филиалымен ұсынылған
-Баймусинов Сембай Сальменович, 1961 жылы туған, Шортанды ауданы әкімінің орынбасары, «Шортанды кенті әкімінің аппараты» ММ, Шортанды к. тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған
- Артюх Артем Олегович, 1990 жылы туған, Шортанды ауданы «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Андреевка а. тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Пригородное ауылдық округі бойынша:
- Пистрюга Наталья Леонидовна, 1972 жылы туған, әкім, «Пригородное ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Пригородное а. тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған
-Шәди Бақытбай, 1988 жылы туған, Шортанды ауданы «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы, Шортанды кентінде тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған
- Пономарева Виктория Викторовна, 1994 жылы туған, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, Камышенка а. тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы