"Адал көмек" жобасын іске асыру

Шортанды ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау өзекті тақырып болып табылады және тұрақты негізде жүргізіледі.

Шортанды ауданында «Адал көмек» жобасы белсенді жүзеге асырылуда, оның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсету болып табылады.

Осы жоба аясында аудан әкімінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының, кенттер мен ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ дербес бөлімдер басшыларының, басқа да мемлекеттік және коммуналдық ұйымдар басшыларының тікелей эфирлерінің кестесі жасалып, бекітілді. Осы кестеге сәйкес, 2020 жылы 80-нен астам тікелей эфир өткізілді. Бұл жұмыс осы жылы да жалғасын тапты. 2021 жылдың басынан 55 эфир өткізілді.

    1. https://www.instagram.com/tv/CFHKBCKJP5n/?utm_source=ig_web_copy_link
    2. https://www.instagram.com/tv/CFMTnnYJROQ/?utm_source=ig_web_copy_link
    3. https://www.instagram.com/tv/CFO2sOcpjfl/?utm_source=ig_web_copy_link
    4. https://www.instagram.com/tv/CJVwDdAp_W5/?utm_source=ig_web_copy_link
Дата публикации
05 января 2021