Ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы ақпарат

          2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18:00  ұсыну кезеңі аяқталды.  Шортанды ауданы бойынша  барлығы 4 сайлау округіне 14 кандидат ұсынылды, оның 4 (29%) – саяси партиялар, 10 (71%)  - өзін-өзіұсынған.

         Саяси партиялар 4 округ бойынша кандидаттарды ұсынды: «Nur Otan» партиясы - 4 кандидат.

            Орташа бәсекеге қабілеттілік 3,5 адамды құрады.

             Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтайтын барлық шаралар аяқталды.

            Ағымдағы жылдың 9 шілдесіндегі жағдай бойынша барлық округтерде кем дегенде екі адам ұсынылды.

              Ағымдағы жылдың 10 шілдесіндегі жағдай бойынша 4 үміткер тіркелген (29%).

                  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5 – бабы 9 – тармағына сәйкес, кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ресми ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

                                                                    Шортанды аудандық аумақтық                                                                     сайлау комиссиясы

Ауыл әкімдеріне кандидаттарды ұсыну нәтижелері туралы ақпарат
Дата публикации
10 июля 2021