Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап. Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдады:

  1. Ақмола облысы Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің әкіміне кандидат болып 1962 жылы туған, әкім, «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Андреевка ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған, Ермолов Алексей Юрьевич тіркелсін.
  2. Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің әкіміне кандидат болып 1983 жылы туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Бозайғыр ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ информатика пәнінің мұғалімі, Бозайғыр ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған Шаймұрат Бауыржан тіркелсін.
  3. Ақмола облысы Шортанды ауданы Новокубанка ауылдық округі әкіміне кандидат болып 1975 жылы туған, әкім, «Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Новокубанка ауылында тұрады, «Nur Ota»" партиясының аудандық филиалымен ұсынылған Рахат Мардан тіркелсін.
  4. Ақмола облысы Шортанды ауданы Пригородное ауылдық округінің әкіміне кандидат болып 1972 жылы туған,  әкім, «Пригородный ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, Пригородное ауылында тұрады, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұсынған Наталья Леонидовна Пистрюга тіркелсін.

 

 

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының әкімдіккке кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы
Дата публикации
09 июля 2021