«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1 бабына, «Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы» Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 51/107 қаулысына сәйкес 2021 жылдың 25 шілдесіне сайлау тағайындалғанын хабарлаймыз:
- Андреевка ауылдық округінің әкімі;
- Бозайғыр ауылдық округінің әкімі;
- Новокубанка ауылдық округінің әкімі;
- Пригородное ауылдық округінің әкімі.
Бұдан басқа, Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді, ол Шортанды ауданы әкімінің ресми сайтындағы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына, https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola shortandy/activities/5368?lang=kk сілтеме бойынша орналастырылған.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы