Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13-бабының 4-тармағына, 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2021 жылғы 25 маусымдағы № 51/106 «Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы» қаулысына сәйкес, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру туралы, Шортанды ауданының аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтері:

 

- Андреевка ауылдық округінің әкімі- Андреевка ауылдық округінің шекараларында Андреевка сайлау округі;

Бозайғыр ауылдық округінің әкімі –Бозайғыр ауылдық округінің шекараларында Бозайғыр сайлау округі;

- Новокубанка ауылдық округінің әкімі- Новокубанка ауылдық округінің шекараларында Новокубанка сайлау округі;

Пригородное ауылдық округі –Пригородное ауылдық округінің шекараларында Пригородное ауылдық округі.

 

Шортанды аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Орналасқан жері: Шортанды кенті, Абылай хан көшесі 22, тел.: 8 (71631) 2-11-01;

комиссия төрағасы-Ерғалиев Сәкен Нұрымжанұлы;

комиссия төрағасының орынбасары-Әкімжанова Салтанат Қуандыққызы;

комиссия хатшысы-Сақабанова Меруерт Қапарқызы;

комиссия мүшелері: Әнесий Азамат, Власкина Минара Шавердиевна, Дорожкеевич Сергей Вячеславович, Ниспек Ақылбек Адамбекұлы.

 

 

                                      Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерінің шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлама
Дата публикации
29 июня 2021