Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Шортанды аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2021 жылғы 25 шілдеге Шортанды ауданында сайлау тағайындалсын:
- Андреевка ауылдық округінің әкімі;
- Новокубанка ауылдық округінің әкімі;
- Пригородный ауылдық округінің әкімі;
- Бозайғыр ауылдық округінің әкімі.
- 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Шортанды ауданының ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Шортанды аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Шортанды жаршысы», «Вестник Шортанды» аудандық газеттерінде жариялансын.
Төрағасы С.Ерғалиев
Хатшысы М.Сақабанова