«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабына сәйкес Шортанды аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Шортанды ауданының селолық округтері әкімдерін сайлау бойынша сайлау округтерін құру:
- Андреевка ауылдық округі әкімі - Андреевка сайлау округі Андреевка ауылдық округінің шекарасында;
- Новокубанка ауылдық округінің әкімі - Новокубанка сайлау округі Новокубанка ауылдық округінің шекарасында;
- Пригородный ауылдық округінің әкімі – Пригородный сайлау округі Пригородный ауылдық округінің шекарасында;
- Бозайғыр ауылдық округі әкімі - Бозайғыр сайлау округі Бозайғыр ауылдық округінің шекараларында.
- Сайлау округтерінің тізімі олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері Шортанды аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және «Шортанды жаршысы», «Вестник Шортанды» аудандық газеттерінде жариялансын.
Төрағасы С.Ерғалиев
Хатшысы М.Сақабанова