Бозайғыр ауылдық округінің шығып қалған әкімінің орнына сайлауын белгілеу туралы қаулы

Шортанды аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының

Қаулысы

 

           № 45/97                                                               2021 жылы 30 сәуір

 

Бозайғыр ауылдық округінің 

шығып қалған әкімінің орнына  сайлауын белгілеу туралы

«Қазақстан  Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының  36-1 бабының 10-тармағына, 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Бозайғыр ауылдық округінің кеткен әкімінің орнына сайлауы 2021 жылдың 9 маусымға  белгіленсін.
  2. Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы Шортанды ауданы әкімінің аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

 

 

   Комиссия төрағасы                                                С. Ерғалиев

 

   Комиссия хатшысы                                                   М. Сақабанова

2021 жылғы 9 мамырға тағайындалған Бозайғыр ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары

Қаулы
Дата публикации
30 апреля 2021