Шортанды аудандық мәслихатының 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № С-51/2 «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109, 111бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Шортанды аудандық мәслихатының «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № С-51/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7620 тіркелген, 2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 6 576 490,6мың теңге, соның ішінде:

         салықтық түсімдер – 924 466мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 12 565,2мың теңге;

         негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 16562мың теңге;

         трансферттер түсімі – 5 622 897,4мың теңге;

         2) шығындар – 7 254 671,4 мың теңге;

         3) таза бюджеттік кредиттеу – 64986 мың теңге, соның ішінде:

         бюджеттік кредиттер – 120248 мың теңге;

         бюджеттік кредиттерді өтеу – 55 262 мың теңге;

         4) қаржыактивтеріменоперацияларбойынша сальдо – 0 мыңтеңге;

         қаржыактивтерінсатыпалу – 0 мыңтеңге;

         5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-743 166,8)мыңтеңге;

         6) бюджет тапшылығынқаржыландыру (профицитінпайдалану) – 743 166,8 мыңтеңге.»;

4 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«4. 2020 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 120 248 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.»;

көрсетілген шешімнің 1, 5, 6 қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды ауданының әкімдігі

Шешім
Дата публикации
06 января 2020