Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- 2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 407 992мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 902 728мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 19 970мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 890мың теңге;
трансферттер түсімі – 4 454 404мың теңге;
2) шығындар – 5 407 992мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 44 384 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 99 413мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 55 029 мың теңге;
4) қаржыактивтеріменоперацияларбойынша сальдо – 0 мыңтеңге;
қаржыактивтерінсатыпалу – 0 мыңтеңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – (-44 384) мыңтеңге;
6) бюджет тапшылығынқаржыландыру (профицитінпайдалану) – 44 384мыңтеңге.
- 2020жылғаарналғанаудандықбюджетте2 562 562мыңтеңгесомасында субвенция есепкеалынсын.
- 2020 жылға арналған аудандық бюджетте кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттеріне аудандық бюджеттен берілетін 126 566 мың теңге сомасындағы бюджеттік субвенциялар көлемдері көзделгені есепке алынсын, оның ішінде:
Шортанды кенті – 15 525 мың теңге;
Жолымбет кенті – 10 145 мың теңге;
Дамса ауылдық округі –14 293 мың теңге;
Новокубанка ауылдық округі – 12 561 мың теңге;
Бозайғыр ауылдық округі – 10 858 мың теңге;
Бектау ауылдық округі – 9 422 мың теңге;
Петровка ауылдық округі – 8 600 мың теңге;
Андреевка ауылдық округі – 10 168 мың теңге;
Раевка ауылдық округі – 11 244 мың теңге;
Пригородный ауылдық округі – 12 521 мың теңге;
Новоселовка ауылдық округі – 11 229 мың теңге.
- 2020 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 99 413 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер есепке алынсын.
- 2020 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарызды өтеуге 55 029 мың теңге сомасында есепке алынсын.
- 2020 жылға арналған аудандық бюджетте мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер бойынша сыйақы төлемдері 67 мың теңге сомасында есепке алынсын.
- Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға, қызметтiңосытүрлерiменқалалықжағдайдаайналысатынмамандардыңжалақыларыменжәнетарифтiкставкаларыменсалыстырғандажиырмабеспайызғажоғарылауазымдықжалақыларментарифтiкставкалар, облыстықмәслихатпенкелiсiлгентiзбегесәйкесбелгiленсiн.
- Ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 2020 жылға 19 050 мың теңге сомасында бекітілсін.
- 2020 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестрленуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- 2020 жылға арналған аудандық бюджетте республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер 5 қосымшаға сәйкес есепке алынсын.
- 2020 жылға арналған аудандық бюджетте облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер 6 қосымшаға сәйкес есепке алынсын.
- Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық
сессия төрайымы мәслихаттың хатшысы
Ғ. Мұқанова Д. Отаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Шортанды ауданының әкімдігі