«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» аудандық мәслихаттың 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № С-51/2 (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмінде № 7620 болып тіркелген) шешіміне сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) кірістер – 5 407 992 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 902 728 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 19 970 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 30 890 мың теңге;
трансферттердің түсімдері – 4 454 404 мың теңге;
2) шығындар – 5 407 992 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 44 384 мың теңге;
оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 99 413 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 55 029 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге;
қаржылық активтерді сатып алу – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профицит) – (-44 384) мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 44 384 мың теңге.
1) мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін республикалық бюджеттен бөлінген бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін;
2) белгіленген мерзімде, келісім-шарттық міндеттемелерге сәйкес, мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін бөлінген бюджеттік кредиттер бойынша негізгі қарыздың өтелуін қамтамасыз етсін;
3) берілген бюджеттік кредиттер бойынша облыстық бюджетке есептелген сыйақылардың уақытылы төленуін қамтамасыз етсін;
4) ай сайын есептегі айдан кейінгі айдың 10 санына дейін бөлінген нысаналы трансферттердің игерілуі жөнінде аудан әкімдігіне ақпарат ұсынсын;
1) осы қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген тәртіпте тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық шаралардың уақытында өткізілуін қамтамасыз етсін.
2) облыстық және республикалық бюджеттерден бөлінген нысаналы трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз етсін.
3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында бекітілген мерзімде Шортанды ауданының «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне сәйкес қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламалардың (бағдарламашалардың) қаржыландыру жоспарларының жобаларын, оларға есеп айырысуларды және айларға бөлінген жоспар негіздемесін, сондай-ақ, қаржыландырудың жеке жоспарларының жобаларын ұсынсын.
1) 4-қосымшаға сәйкес ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің және ұйымдардың.
Шортанды ауданының әкімі Г. Қасенов