Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 23 – бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына  сәйкес Шортанды ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелері құрылсын.
  2. Шортанды ауданы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

          «Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6960 болып тіркелген, 2018 жылғы 24 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі;

          «Шортанды ауданы әкімінің 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 5 «Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2019 жылғы 17 мамырдағы № 9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7200 болып тіркелген, 2019 жылғы 22 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімі.        

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б. Жұмкейге жүктелсін.
  2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды ауданы әкімі                                                         Г. Қасенов                                        

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Шортанды аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрайымы

____________С. Ерғалиев

«___»________2021 жыл

ҚҰЖАТТЫ ТОЛЫҚ ЖҮКТЕУ

Шортанды ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы
Дата публикации
02 февраля 2021