Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңының 8-бабына сәйкес Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес, Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар айқындалсын.
  2. Осы шешімнің2 қосымшасына сәйкес, Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындалсын.
  3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес, Шортанды ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.
  4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды аудандық мәслихаты

(кезектен тыс) сессиясының

төрағасы

 

Шортанды аудандық мәслихатының

хатшысы                                                                             Д. Отаров

 

 

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының 

2020 жылғы «___»______

№______шешіміне1-қосымша

 

 

Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуүшін арнайы орындар

 

 

Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуүшін арнайы орындар:

  1. Шортанды кенті, Феликс Дзержинский көшесіндегі Шәуәлі Рахымжанов атындағы саябақтың алдындағы алаң;
  2. Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 26 А Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы "Ойын-сауық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында алаң;
  3. Бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Феликс Дзержинский көшесіжәне Александр Пушкин көшесі бойымен Абылай хан көшесінің қиылысына дейін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шортанды аудандық мәслихатының 

2020 жылғы «___»______

№______шешіміне2– қосымша

 

 

Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

 

  1. Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңына (бұдан әрі-Заң) 8-бабына сәйкес әзірленді.
  2. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен,егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.
  3. Шортанды ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормалары:

1)Шортанды кенті, Феликс Дзержинский көшесіндегі Шәуәлі Рахымжанов атындағы саябақтың алдындағы алаң, шекті толу нормасы 50 адам;

2)Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 26 А Шортанды ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі жанындағы «Ойын-сауық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанында алаң, шекті толу нормасы 50 адам.

            3)бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жүру маршруты: Феликс Дзержинский көшесі жәнеАлександр Пушкин көшесі бойымен Абылай хан көшесінің қиылысына дейін, шекті толу нормасы 50 адам.

  1. Жергілікті атқарушы органның келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға жол берілмейді.
Қаулы жобасын жүктеу
Дата публикации
30 ноября 2020