Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 529-бабының 6-тармағына сәйкес, Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шортанды ауданының әкімшілік шекараларында салық салу объектісінің орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициенттері бекітілсін.
  2. Шортанды ауданы әкімдігінің «Шортанды ауданының әкімшілік шекараларындасалық салу объектісінің орналасуын ескеретінаймаққа бөлу коэффициенттерін бекіту туралы» 2019 жылғы 29 қарашадағы № А-11/233 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7537 тіркелген, 2020 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шортанды ауданы әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.
  4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шортанды ауданының әкімі                                                     Г. Қасенов

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік

кірістер комитеті Ақмола облысы

бойынша Мемлекеттік кірістер

департаментінің Шортанды ауданы

бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы»

республикалық мемлекеттік мекемесінің

басшысы

С.Әлмағанбетов

Қаулы жобасын жүктеу
Дата публикации
05 октября 2020