2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса берілген 2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
  2. Шортанды ауданы әкімдігінің «2020 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын,ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» 2020 жылғы 4 наурыздағы № А-3/43 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7712 тіркелген, 2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Қ. Мұхамединге жүктелсін.
  4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Шортанды ауданының әкімі

 

 

Г. Қасенов

Қаулы жобасын жүктеу
Дата публикации
09 июня 2020