Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

24.12.2020 ж.    № 36/83

 

 

Жолымбет кенті әкімінің кезекті сайлауын және Новоселовка ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан  Республикасындағы жергілікті  мемлекеттік  басқару  және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан  Республикасы Заңының  36-1 бабының

10-тармағына, 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

 

  1. Жолымбет кенті әкімінің кезекті сайлауы 2021 жылдың 2 ақпанына тағайындалсын.
  2. Новоселовка ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы 2021 жылдың 2 ақпанына тағайындалсын.
  3. Шортанды ауданы Жолымбет кенті, Новоселовка ауылдық округі әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  4. Осы қаулы Шортанды ауданы әкімінің аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.
  5. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

  

Комиссия төрағасы                                                             С. Ерғалиев

Комиссия хатшысы                                                   М. Сақабанова

Жүктеу
Дата публикации
24 декабря 2020