Сайлауының қортындысы туралы ХАБАРЛАМА

2026 жылғы 4 қазанға тағайындалған Бектау ауылдық округі және Жолымбет, Шортанды кентерінің әкімдерінің сайлауының қортындысы туралы хабарлама

 

2026 жылғы 4 қазанда Шортанды ауданының Бектау ауылдық округі, Жолымбет және Шортанды кенттері әкімдерін сайлау үш сайлау округі бойынша өтті.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, сондай-ақ Шортанды ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі.

 

Бектау сайлау округі

Бектау ауылдық округі әкімін сайлау бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 1142 азамат енгізілді, оның ішінде 819 азамат дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 4, «Барлығына қарсы» деген белгі қойылған бюллетеньдер саны – 14.

Кандидаттардың әрқайсысына берілген дауыстар саны:

Баянды Досжан – 619;

Кухаренко Анна Юрьевна – 86;

Нуржанов Ерхан Талғатұлы – 93.

Бектау ауылдық округінің әкімі болып 1989 жылы туған, Бектау ауылдық округінің қазіргі әкімі, Шортанды кентінде тұратын, өзін-өзі ұсынған Досжан Баянды сайланды.

 

Жолымбет сайлау округі

Жолымбет кентінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 2363 азамат енгізілді, оның ішінде 1416 азамат дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 10, «Барлығына қарсы» деген белгі қойылған бюллетеньдер саны – 24.

Кандидаттардың әрқайсысына берілген дауыстар саны:

Зорький Нұржан – 878;

Кенжебаева Алиса Григорьевна – 238;

Турсунова Гульнара Махметовна – 266.

Жолымбет кентінің әкімі болып 1983 жылы туған, «QAJсервис» ЖШС-нің «ДЭУ-86» Ақмола облыстық филиалының бас инженері, Мықтыкөл ауылында тұратын, өзін-өзі ұсынған Зорький Нұржан сайланды.

 

Шортанды сайлау округі

Шортанды кентінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлаушылар тізіміне 4786 азамат енгізілді, оның ішінде 2879 азамат дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 29, «Барлығына қарсы» деген белгі қойылған бюллетеньдер саны – 57.

Кандидаттардың әрқайсысына берілген дауыстар саны:

Каримова Лаззат Байкенқызы – 402;

Шаймұрат Бауыржан – 1943;

Юрковская Ксения Сергеевна – 448.

Шортанды кентінің әкімі болып 1983 жылы туған, Шортанды ауданының «Дене шынықтыру-сауықтыру кешені, дене шынықтыру және спорт» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, Бозайғыр ауылында тұратын, өзін-өзі ұсынған Шаймұрат Бауыржан сайланды.

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес, 2026 жылғы 5 қазанда 2026 жылғы 4 қазанда сайланған Шортанды ауданының ауылдық округтері мен кенттерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

Шортанды аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 октября 2026