Бекітілді
Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ А. Сейфидинов
2026 жылғы «____» шілде
Шортанды ауданы әкімдігі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
№ |
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша ұсынымдар |
Іс-шара |
Аяқтау нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімі |
|
1. |
Шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызбен сот органдарына жүгіну жөнінде шаралар қабылдау. Талап қою талаптары қанағаттандырылған жағдайда, мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін тиісті мәліметтерді мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы жолдауды қамтамасыз ету. |
Шарттық міндеттемелерін орындамауына байланысты мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап арызды дайындап, сот органдарына жолдау. |
Мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот органдарына жолданған талап арыз. |
«Шортанды ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ |
25 желтоқсанға дейін. |
|
2. |
Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне бос лауазымдарды жасақтау жөнінде шаралар қабылдау, мемлекеттік қызметшілер арасында функционалдық міндеттерді біркелкі бөлуді қамтамасыз ету, шарттардың орындалуы және орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. |
Бос лауазымдарды жасақтау, мемлекеттік қызметшілер арасында функционалдық міндеттерді бөлу, шарттардың орындалуы және орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде ішкі бақылауды күшейту, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету. |
Бос лауазымдар толық жасақталды, функционалдық міндеттер бөлінді, шарттардың орындалуына және орындалған жұмыстарды қабылдауға ішкі бақылау күшейтілді, мемлекеттік қызметтерді көрсету және өтініштерді қарау кезінде заңнама талаптарының сақталуы қамтамасыз етілді. |
«Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ. |
25 желтоқсанға дейін.. |