Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АНЫҚТАМА

 

Шортанды кенті.                                                                                2026 жылғы шілде

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Шортанды ауданының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі», «Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» және «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің қызметінде 2026 жылғы 9 маусымдағы Шортанды ауданы әкімінің № 30 өкімі негізінде, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізілді:

1) нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

Бөлімнің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар анықталады.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет деп мынадай мәселелер түсініледі:

1) персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысымдылығы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) құқықтық насихат жүргізу;

5) рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру;

6) бақылау функцияларын жүзеге асыру;

7) бөлімніңұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

 

1. «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

 

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

Шортанды ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 28 мамырдағы № А-12/85а қаулысымен бекітілген «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес, «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органы болып табылады.

         Бөлімнің функциялары:

1) азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, кәсіптік оқыту және жұмыссыздарды әлеуметтік қолдау бойынша жұмысты ұйымдастырады

2) жүгінген азаматтар мен жұмыссыздарды жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы, ал жұмыс берушілерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндіктері туралы хабардар етеді;

3) халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламаларын және нысаналы топтарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесуді қамтамасыз ететін арнайы іс-шараларды іске асырады;

4) бос жұмыс орындарының (бос лауазымдардың), оқу орындарының автоматтандырылған деректер банкін қалыптастырады және осының негізінде халық пен жұмыс берушілерді еңбек нарығының жай-күйі, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері және жұмыссыздарды кәсіптік оқыту туралы толық әрі достық ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың даярлығын қамтамасыз етеді;

5) жұмыссыз азаматтарды олардың біліктілігін және еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;

6) аудан аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын айқындау және оларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы ұсыныстарды әзірлейді және жергілікті атқарушы органның қарауына енгізеді;

7) халықтың әлеуметтік осал топтарына жәрдемақылар түрінде әлеуметтік көмек көрсетеді;

8) өңірдің әлеуметтік картасына, барлық әлеуметтік төлемдерге мониторинг жүргізеді, кедей және әлеуметтік осал халық топтарының есебін жүргізуді қамтамасыз етеді;

  9) аз қамтылған азаматтардың, атаулы әлеуметтік көмек, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар және жәрдемақылардың басқа да түрлерін алушылардың деректер базасын қалыптастырады;

  10) аз қамтылған азаматтардың табыстары туралы ұсынылатын мәліметтердің дұрна қатысты меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдарға қарсы тексерулер жүргізедыстығыі;

11) мүгедектігі бар адамдарды оңалту бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу қолдауын көрсету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

12) жалғызбасты қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу қолдауын көрсету мәселелері бойынша әлеуметтік қызметкерлердің жұмысын үйлестіреді;

13) әлеуметтік әріптестік саласында тараптардың өзара іс-қимылына қатысады, ұжымдық шарттарды тіркеуді жүзеге асырады;

14) ауылдық округтер әкімдері аппараттарына мемлекеттік әлеуметтік саясатты іске асыру және кедейлікті төмендету мәселелері бойынша әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

15) кәмелетке толған адамдарға қатысты қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі мемлекеттік функцияларды жүзеге асырады;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің актілерімен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 

Персоналды басқару

Бөлім қызметкерлерінің штаттық саны 6 мемлекеттік қызметшіні құрайды, нақты саны – 6. Мүдделер қақтығысын реттеу немесе реттемеу фактілері де анықталған жоқ.         Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын кірістері мен салық салу объектілері болып табылатын мүліктері туралы декларацияларды ұсынады.

         Азаматтар тарапынан мемлекеттік қызметшілердің әрекеттеріне қатысты шағымдар түскен жоқ.

         Жеке құрам бойынша және негізгі қызмет бойынша бұйрықтар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңына сәйкес екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ресімдеу және келісудің кейбір мәселелері туралы», «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулыларына сәйкес келеді.

Мемлекеттік қызметшілердің жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілердің жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасында қайшылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасу кезінде өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігі және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 6-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқықтарының болуы тексеріледі.

Мемлекеттік сатып алу порталында мемлекеттік сатып алу жоспары уақтылы орналастырылады.

Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізу шарттары уақтылы әрі сапалы орындалады. Өнім берушілер міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өнім берушілерге қатысты уақтылы ден қою шаралары қабылданады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету.

Ережеге сәйкес, бөлім тарапынан 23 мемлекеттік қызмет көрсету көзделген:

«Еңбек иммигранттарына рұқсатты беру және оның мерзімін ұзарту» «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

«Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмекті тағайындау»;

«Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

«Семей сынақ ядролық полигонында жүргізілген ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру»;

«Ақталған адамға куәлік беру»;

Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу

Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу

Жүріп-тұруы қиын, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу

«Есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар адамдарды ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу»;

Мүгедектігі бар адамдарды арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу

Мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»;

         «Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған құжаттарды ресімдеу»;

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу»;

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамның мүлкіне билік етуге, оның шотына түскен зейнетақыны, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, сондай-ақ сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»;

«Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген кәмелетке толған адамның мүлкіне билік етуге, оның шотына түскен зейнетақыны, жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді алуға рұқсат беру»;

«Сот шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру»;

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға жататынын растайтын ақпарат беру»;

«Тұрғын үй көмегін тағайындау»;

Жалпы, 2025 жылы 1446 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат «Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық стендтерінде, жалпыға қолжетімді орындарда, әлеуметтік желілерде орналастырылған, сондай-ақ «Шортанды Жаршысы» және «Вестник Шортанды» аудандық газеттерінде жарияланады.

Бөлім мамандары мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру іс-шараларын тұрақты түрде жүргізеді, есепті кезеңде барлығы өткізілді:

·        тікелей эфирлер – 2;

·        әлеуметтік желілердегі жарияланымдар – 12;

·        дөңгелек үстелдер – 1.

2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

 

Талданатын кезеңде бөлім тарапынан мынадай жұмыстар жүргізілді.

2025 жыл ішінде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі естелік және мерекелік күндерге орай біржолғы төлемдер түрінде 2265 алушыға жалпы сомасы 23 540,9 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетті, оның ішінде:

- Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай 21 ауған соғысының ардагеріне ОБ есебінен 25 АЕК мөлшерінде, жалпы сомасы 2 064,3 мың теңге;

- 9 мамырға орай 33 алушыға МБ есебінен жалпы сомасы 1 962,1 мың теңге, ОБ есебінен 15 адамға 1 474,5 мың теңге;

- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 196 алушыға жалпы сомасы 2 312,0 мың теңге;

- Қарттар күніне және мүгедектігі бар адамдарға, зейнетақысы ең төменгі зейнетақы мөлшеріне тең немесе одан төмен зейнеткерлерге 2000 алушыға жалпы сомасы 15 728,0 мың теңге.

- Қажеттілігі бар азаматтардың жекелеген санаттарына 616 алушыға жалпы сомасы 48 060,5 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек төленді, оның ішінде:

- онкологиялық аурумен ауыратын 161 алушыға – 12 661,0 мың теңге;

- АИТВ-мен ауыратын 18 алушыға – 1 415,5 мың теңге;

- туберкулезбен ауыратын 9 алушыға – 1 415,5 мың теңге;

- өрттен зардап шеккен 24 алушыға – 9 436,8 мың теңге;

- бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған 13 алушыға – 766,7 мың теңге;

- 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар 245 алушыға – 9 633,4 мың теңге;

- мүгедектігі бар 39 балаға – 766,7 мың теңге;

- 1 типті қант диабетімен ауыратын 30 алушыға – 2 359,2 мың теңге;

- көпбалалы отбасылардан шыққан 1 студентке – 1 250,0 мың теңге;

- санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеу үшін 57 зейнеткерге – 6 648,6 мың теңге;

- тәжік-ауған соғысының ардагерлеріне коммуналдық қызметтерді төлеу үшін 18 алушыға – 1 737,9 мың теңге.

Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 10 отбасыға (51 адамға) 2 246,2 мың теңге көлемінде тағайындалды.

         Аз қамтылған отбасынан шыққан 1 студенттің медициналық жоғары оқу орнында оқу ақысы 1 100,0 мың теңге көлемінде төленді.

Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындар 13 алушыға 1 203,2 мың теңге көлемінде өтелді.

2025 жылы 65 адамға үйде әлеуметтік қызмет көрсетілді:

жалғызбасты және қарт адамдар – 62;

- жалғызбасты мүгедектігі бар адамдар – 2;

- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар бала – 1

         Қарт адамдар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім көрсету үшін 20 әлеуметтік қызметкер бекітілді

Шортанды ауданында 1 026 мүгедектігі бар адам тіркелген, оның ішінде:

- 16 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар – 103, I топ – 122, 2 топ -416, 3 топ – 385 адам.

Мүгедектігі бар 421 адамға жеке оңалту бағдарламасы (ЖОБ) әзірленді.

ЖОБ іс-шараларының орындалуы 100%-ды құрады. Барлығы 421 іс-шара орындалды, оның ішінде: тифлотехникалық құралдар – 2 (100%), гигиеналық құралдар – 275 (100%), санаторийлік-курорттық емделу – 43 (100%), протездік-ортопедиялық құралдар – 68 (100%), сурдотехникалық құралдар – 7 (100%), кресло-арбалар – 26 (100%).

2025 жылы 13 нысан бейімделді, барлық 13 нысан қолжетімділік интерактивті картасына енгізілді:

1) Пригородное ауылы ФАП;

2) Бозайғыр ауылы «Бөбек KZ» балабақшасы;

3) Новокубанка ауылы Новокубанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;
4) «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Научный кентінің жалпы білім беретін мектебі» КММ;

5) Шортанды кенті «Altyn Qazan» мейрамханасы;

6) Бозайғыр ауылы дене шынықтыру-сауықтыру кешені;

7) Бозайғыр ауылы Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ;

8) Жолымбет кентінің «Демалыс орталығы» КММ;

9) Научный кенті «Виктория» дүкені;

10) «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің №2 жалпы білім беретін мектебі» КММ;

11) Дамса ауылы «Лимон» дүкені;

12) Шортанды кенті «Salem» дүкені;

13) «Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімінің Жолымбет кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ.

2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 1 446 қызметті құрады, оның ішінде:

-         Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 221;

-         электрондық үкімет порталы арқылы – 353;

-         мемлекеттік орган арқылы – 777.

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық Жол картасы шеңберінде 2026 жылға әлеуметтік инфрақұрылымның 6 нысанын бейімдеу жоспарланған.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері:

Азаматтардың өтініштерін қабылдау және өңдеудің бірыңғай «Е-Өтініш» платформасы арқылы 2025 жылы бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 16 өтініш келіп түсті. Барлық өтініштерге жауаптар белгіленген мерзімдерді бұзбай берілді, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) қатысты шағымдар түскен жоқ.

Халықтың мобильді топтары үшін бейімдеу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

Жүргізілген талдау барысында қолданыстағы заңнамада қайшылықтары бар реттелмеген мәселелер анықталған жоқ.

Жасырын мемлекеттік қызметтердің болуы

2025 жылы жасырын мемлекеттік қызметтер болған жоқ.

 

2. «Шортанды ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет.

         Бөлім өз қызметін Шортанды ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 15 қаңтардағы № А-3/256 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде жүзеге асырады.

         Мемлекеттік мекеме туралы Ережеде 15 функцияны жүзеге асыру көзделген. Ережеге сәйкес, Бөлімнің негізгі міндеттері – аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының ағымдағы және перспективалық міндеттерін кешенді шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

 

 

Персоналды басқару:

Бөлімнің штаттық саны 5 мемлекеттік қызметшіден тұрады. 2026 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша бөлімнің нақты штаттық саны 7 адамды құрайды.
         Мемлекеттік қызметке қабылдауды «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) жүзеге асырады.

         Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерінде, атап айтқанда, басшы Мерей Серікбол мен бас маман Амирова Саягүл Ақылбаевнаның арнайы тексеруден өткендігі туралы анықтамалары бар. Қазіргі уақытта Бөлімде мемлекеттік қызметшінің 1 (бір) бос лауазымы бар.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметшілері жыл сайын салық салу объектілері болып табылатын кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды ұсынады. Барлық мемлекеттік қызметшілер атқаратын лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді, белгіленген кестеге сәйкес біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өтеді.

         Бөлімде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі, Бөлім өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің функциялары, стандарттары мен регламенттері көрсетілген Бөлім туралы Ереже зерделенді. Оларда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттіктер мен нормалар жоқ.

         Бөлімде мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар сақталады, мемлекеттік қызметшінің мәртебесіне байланысты шектеулер, Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары сақталады.

         Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтауға байланысты тәуекелдердің туындау жағдайларын растайтын фактілер анықталған жоқ. Қызметкерлерге қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету.

         Ережеге сәйкес Бөлім тарапынан 12 мемлекеттік қызмет көрсету көзделген.

         Мемлекеттік қызметтерді көрсету тұрақты бақылауда. Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат Бөлімнің ақпараттық стендінде орналастырылған, сондай-ақ стендте азаматтарды қабылдау кестесі бар.

         «Шортанды ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ 2025 жылғы талдау кезеңінде мемлекеттік қызметтер көрсетті:

- жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру туралы 5 анықтама берілді;

- жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды ұсыну бойынша 45 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

 - сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік-коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру бойынша 15 мемлекеттік қызмет көрсетілді

- қайта жаңғыртуға арналған бастапқы материалдарды ұсыну бойынша 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- эскизді (эскиздік жобаны) келісу бойынша 13 мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдерді (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) беру бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге «электрондық үкімет» веб-порталы https://egov.kz/,«Е-лицензиялау» арқылы өтініш жолдайды.

Мемлекеттік сатып алу саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

«Шортанды ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ (Тапсырыс беруші) мен «Life Stroy Invest» ЖШС (Мердігер) арасында Ақмола облысы Шортанды ауданының Жолымбет кентіндегі шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау мақсатындағы су алу құрылыстарында суды тазарту қондырғысын салу бойынша жұмыстарды орындауға 2022 жылғы 1 қарашадағы № 2022-24 мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалды. Шарттың жалпы сомасы 309 880 мың теңгені құрады. Мердігердің шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындамауына байланысты Тапсырыс беруші шартты бұзу, келтірілген залалды өндіріп алу және бұрын төленген қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдады. Сот шешімімен талап-арыз талаптары қанағаттандырылып, шарт бұзылды. Сонымен қатар, шарт бұзылғаннан кейін «Life Stroy Invest» ЖШС-ні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгіну бойынша шаралар уақтылы қабылданбаған.

Тапсырыс берушінің «Life Stroy Invest» ЖШС-ні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сотқа уақтылы жүгінбеуі өнім берушінің мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне қатысу және бюджет қаражаты есебінен жаңа шарттар жасасу құқығының сақталуына жағдай жасайды. Мұндай жағдай жекелеген өнім берушіге негізсіз артықшылықтар беруге, оның мүдделерін ықтимал лоббилеуге, басқарушылық шешімдер қабылдауды созбалаңға салуға және өзге де сыбайлас жемқорлық көріністерінің туындауына алғышарттар қалыптастырады, бұл мемлекеттік сатып алу саласындағы заңдылық, ашықтық және адал бәсекелестік қағидаттарына қайшы келеді.

Ұсынымдар: «Шортанды ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ шарттық міндеттемелерді орындамауына (тиісінше орындамауына) байланысты мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап-арызбен сот органдарына жүгіну бойынша шаралар қабылдауы қажет.

Сот мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп таныған жағдайда, мердігер ұйымды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу үшін тиісті мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жолдауды қамтамасыз ету қажет.
 

3. «Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ

 

   Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет

 

         Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін мемлекеттік мекеме туралы ережеге, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.

         Бөлім қызметінің негізгі бағыттары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту және күтіп-ұстау, бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету және жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау болып табылады.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына және Шортанды ауданы әкімінің 2026 жылғы 09 маусымдағы №30 өкіміне сәйкес жүргізілді.

Персоналды басқару

 

Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіндегі әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің штат саны 6 бірлікті құрайды, нақты саны – 3 адам.

         Мемлекеттік қызметшілердің барлық жеке істерінде арнайы тексеруден өткенін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді қабылдағанын растайтын құжаттар бар.

Жақын туыстардың тікелей бағыныстылықта болу фактілері анықталған жоқ. Талданып отырған кезеңде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мемлекеттік қызметшілер жыл сайын заңнамада белгіленген тәртіппен кірістері мен мүлкі туралы декларацияларды ұсынады.

Негізгі қызмет және жеке құрам бойынша бұйрықтар Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзу фактілері анықталған жоқ.


Мемлекеттік қызметтер көрсету

 

         «Шортанды ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 10 түрін ұсынады.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға бөлім басшысы мен бас мамандар жауапты болып табылады.

         2026 жылғы талданып отырған кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға қатысты барлық өтініштер «электрондық үкімет» веб-порталы (eGov) арқылы келіп түскен. Бұл көрсетілетін қызметті алушылардың лауазымды тұлғалармен тікелей байланысын болдырмайды және тиісінше сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға ықпал етеді.

         Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бекітілген стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

         Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудан негізсіз бас тарту, оларды көрсету мерзімдерінің бұзылуы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдардың түсу фактілері анықталған жоқ.

         Осылайша, 2026 жылдың қорытындысы бойынша бөлімнің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсыну барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
 

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері

 

Физикалық және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау және қарау «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі, аудан әкімі аппаратының кеңсесі арқылы, сондай-ақ азаматтарды жеке қабылдау барысында жүзеге асырылады.

Барлық түскен өтініштер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде тіркеліп, қаралды.

Өтініштерді қарау мерзімдерін бұзу, негізсіз бас тарту немесе өзге де бұзушылықтар фактілері анықталған жоқ.

         Физикалық және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

Орталықтандырылған мемлекеттік сатып алулардың бірыңғай ұйымдастырушысы функцияларын жүзеге асыру

 

Мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы жүзеге асырылады.

Барлық сатып алу рәсімдері электрондық форматта жүргізіледі, бұл әлеуетті жеткізушілердің сатып алуға қатысуы үшін ашықтықты, жариялылықты және тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сатып алуды өткізудің электрондық форматы тапсырыс беруші мен әлеуетті жеткізушілер арасындағы тікелей өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін барынша азайтып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындау ықтималдығын төмендетеді.

Мемлекеттік сатып алулар саласында жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

 

       Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелі:


          Талдау барысында штаттағы 6 бірлік саны кезінде мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 3 бірлікті құрайтыны анықталды.
Штаттың толық жинақталмауы қызметкерлерге түсетін жүктеменің артуына, функционалдық міндеттерді қоса атқаруға және ішкі бақылау тиімділігінің төмендеуіне әкеп соқтырады, бұл басқарушылық шешімдерді қабылдау және мемлекеттік функцияларды орындау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына алғышарттар жасайды.

Ұсынымдар:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша ұсынылады:

1. Бос лауазымдарды жасақтау және мемлекеттік қызметшілер арасында функционалдық міндеттерді бірдей бөлуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау.

2. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы шарттар бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде ішкі бақылауды күшейту, орындалған жұмыстардың көлемінің, сапасы мен мерзімдерінің жасалған шарттардың талаптарына және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тиісті деңгейде тексеруді қамтамасыз ету.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету және басқарушылық шешімдер қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау.

4. Лауазымдық міндеттерді орындау кезінде мүдделер қақтығысының туындауына жол бермеу.

5. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес физикалық және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы әрі сапалы қарауды қамтамасыз ету.

 

 

Шортанды ауданы
әкімінің орынбасары                                                                      Ш. Ахметова

 

Шортанды ауданы
әкімі аппаратының басшысы                                                          А. Сейфидинов

 

«AMANAT» партиясы аудандық
филиалының төрағасы, Шортанды

Аудандық мәслихатының депутаты                                                      А. Кожамсеитов
(келісім бойынша)                                                                            

 

«Шортанды ауданының экономика

және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                                  Ж. Мунтаева

 

«Шортанды ауданының құрылыс,
сәулет және қала құрылысы бөлімі»
ММ басшысы                                                                                         С. Мерей  

 

«Шортанды ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімі» ММ басшысы                                                                           Ж. Амантай

 

«Шортанды ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
 бөлімі» ММ басшысы                                                                           А. Колесников

 

Шортанды ауданы әкімі аппаратының
мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы                                       Н. Абилов

Дата публикации
23 сентября 2026