Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Бектау ауылдық округінің, Шортанды және Жолымбет кенттерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Бектау ауылдық округінің, Шортанды және Жолымбет кенттерінің әкімдеріне кандидаттарды тіркеді.

 

Бектау ауылдық округінің әкіміне кандидаттар:

 

Баянды Досжан, 1989 жылы туған, Шортанды ауданы «Бектау ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі. Шортанды ауданы, Шортанды кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Кухаренко Анна Юрьевна, 1991 жылы туған, Шортанды ауданы «Шортанды кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Шортанды ауданы, Шортанды кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Нұржанов Ерхан Талғатұлы, 1997 жылы туған, Шортанды ауданы «Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Шортанды ауданы, Шортанды кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Шортанды кентінің әкіміне кандидаттар:

 

Каримова Ләззат Байкенқызы, 1973 жылы туған, Шортанды ауданы «Жолымбет кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Шортанды ауданы, Жолымбет кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Шаймұрат Бауыржан, 1983 жылы туған, «Бозайғыр ауылының дене шынықтыру-сауықтыру орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы. Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Юрковская Ксения Сергеевна, 1997 жылы туған, «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Шортанды ауданы, Шортанды кентінде тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Жолымбет кентінің әкіміне кандидаттар:

 

Зорький Нұржан, 1983 жылы туған, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облыстық филиалының «ҚАЖсервис» ЖШС ДЭУ-86 бас инженері. Шортанды ауданы, Мықтыкөл ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Кенжебаева Алиса Григорьевна, 1992 жылы туған, Шортанды ауданы «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Шортанды ауданы, Дамса ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Тұрсынова Гүлнар Махметқызы, 1980 жылы туған, Шортанды ауданы «Новокубан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы. Шортанды ауданы, Новокубанка ауылында тұрады. Өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.

 

Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

Дата публикации
13 сентября 2026