Ақмола облысы Шортанды ауданы Бектау ауылдық округі, сондай-ақ Шортанды және Жолымбет кенттері әкімі болуға кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы хабарлама

2026 жылғы 8 қырқүйекке сағат 18.00-де Шортанды  ауданы Шортанды кенті, Жолымбет кенті және Бектау ауылдық округі әкімі болуға кандидаттарды ұсыну кезеңі аяқталды.

Барлығы 12 кандидат ұсынылды, оның ішінде 12 (100 %) - өзін-өзі ұсынды.

Орташа бәсекелестік - 4 адам. 

Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттардың заңнамаға сәйкестігін анықтау және оларды тіркеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр, тіркеу 2026 жылғы 13 қыркүйекте сағат 18.00-де аяқталады.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабы 9 тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы ақпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

Дата публикации
09 сентября 2026