Шортанды ауданының Бектау ауылдық округінің және Жолымбет, Шортанды кенттерінің әкімдерін сайлауды тағайындау туралы

Шортанды ауданының
Бектау ауылдық округінің  және
Жолымбет, Шортанды кенттерінің әкімдерін

сайлауды тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бабының 2 және 8-1 тармақшаларына,
113-1 бабының 1 тармағының 1 және 2 тармақшаларына, 2, 3 және 4 тармақтарына сәйкес, Шортанды аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бектау ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Бектау ауылдық округінің әкімін сайлау 2026 жылғы
    4 қазанға тағайындалсын.
  2. Шортанды кенті әкімінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуынабайланысты, Шортанды кентінің әкімін сайлау 2026 жылғы
    4 қазанға тағайындалсын.
  3. Жолымбет кенті әкімінің заңда белгіленген өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуынабайланысты, Жолымбет кентінің әкімін сайлау 2026 жылғы
    4 қазанға тағайындалсын.
  4. Сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  5. Осы қаулы Шортанды ауданының әкімдігінің интернет-ресурсында және аудандық «Shortandy News» газетінде жариялансын.

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                        М. Атабаев

 

 

Аумақтық сайлау

комиссиясының хатшысы                      А. Дулат

Дата публикации
26 августа 2026