Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № А-4/110 «Шортанды ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы.

Шортанды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шортанды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № А-4/110 «Шортанды ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8491 болып тіркелген), Шортанды ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 6 қазандағы № А-9/222 «Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № А-4/110 «Шортанды ауданында үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын айқындау және кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысымен енгізілген өзгерістер ескеріле отырып (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30092 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Шортанды ауданының әкімі                       С. Шабаров

 

КЕЛІСІЛДІ

Шортанды аудандық аумақтық

 

сайлау комиссиясының төрағасы

2026 жылғы «___»______________

______________ М.А. Атабаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 июля 2026