Ішкі конкурс бойынша «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаттарды іріктеу үшін конкурстық (бірыңғай) комиссияның қорытынды отырысының № 28 ХАТТАМАСЫ

Шортанды к.       

                                  2026 жылғы 1 шілде

 

Құрамында бірыңғай конкурстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия):

А.В. Сейфидинов - Шортанды ауданы әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;

Л.И. Садуова - «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, комиссия хатшысы

 

Комиссия мүшелері:

Д.Қ. Нуришев - «Шортанды ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) ұйымдастыру-бақылау жұмысы, цифрландыру және байланыс бөлімінің бас маманы;

А Дорж. - Шортанды ауданы әкімі аппаратының бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) басшысы.

Күн тәртібі:

 

Шортанды ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Шортанды ауданы әкімінің интернет - ресурстарында 2026 жылғы 26 маусымда «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің аудан әкімінің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі бас инспекторы, Е-3 санаты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялады. 

2026 жылғы 26-29 маусым аралығында жоғарыда аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін осы конкурсқа қатысуға ешкім құжаттарын тапсырған жоқ.

Конкурстық комиссия конкурс қорытындысы бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

Үміткерлердің болмауына байланысты конкурс өткізілмеді деп есептелсін.

Жоғарыда аталған бос лауазымға жалпы конкурс өткізу қажет.

 

 

Комиссия төрағасы:      _____________________ А.В. Сейфидинов 

Комиссия хатшысы:     ______________________ Л.И. Садуова

Комиссия мүшесі:           _____________________ Д.Қ. Нуришев 

                                       _____________________ А. Дорж

 

 

Дата публикации
02 июля 2026