Шортанды к. 2026 жылғы 1 шілде
Құрамында бірыңғай конкурстық комиссия (бұдан әрі-Комиссия):
А.В. Сейфидинов - Шортанды ауданы әкімінің аппарат басшысы, комиссия төрағасы;
Л.И. Садуова - «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - ММ) бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, комиссия хатшысы.
Комиссия мүшелері:
А. Дорж - «Шортанды ауданы әкімінің аппараты» ММ бірыңғай персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) басшысы;
А.В. Колесников – Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.
Күн тәртібі:
Шортанды ауданы әкімінің аппараты Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және Шортанды ауданы әкімінің интернет - ресурстарында 2026 жылғы 26 маусымда Шортанды ауданының «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, Е-R-3 санаты бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру жариялады.
2026 жылғы 26-29 маусым аралығында жоғарыда аталған бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу үшін осы конкурсқа қатысуға ешкім құжаттарын тапсырған жоқ.
Конкурстық комиссия конкурс қорытындысы бойынша ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Үміткерлердің болмауына байланысты конкурс өткізілмеді деп есептелсін.
Жоғарыда аталған бос лауазымға жалпы конкурс өткізу қажет.
Комиссия төрағасы: __________________А.В. Сейфидинов
Комиссия хатшысы:__________________ Л.И. Садуова
Комиссия мүшесі: ___________________ А. Дорж
____________________ А.В. Колесников