«Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Шортанды аудандық мәслихаттың шешіміне жобасына салыстырмалы кесте

№
р/с

Құрылымдық элемент

Бұрыңғы редакция

Жаңа редакция

Түзетулердің негіздемесі және мәні

1

10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

 «3) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

     1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 13 (он үш) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

     Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

     1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

     Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 20 (жиырма) айлық

 

«3) 9 мамыр - Жеңіс күніне:

     1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

    

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бейбіт уақытта әскери қызметін өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

     Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 10 (он) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

     1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

     Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 10 (он) айлық

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысы «Әлеуметтік көмекті көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы».

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін біріздендіру жөніндегі ұсынымдарын орындау мақсатында.

 

 

11-тармақтың жаңа редакцияда жазылсын:

«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмай көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

     2) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

     3) амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 10 (он) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      4) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      5) қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      6) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

     7) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға бір рет, босатылған күннен бастап үш айдан кешіктірмей 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      9) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

     

      10) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      11) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      12) "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға, коммуналдық қызметтер үшін шығындарын төлеуге ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;».

 

«11. Әлеуметтік көмек толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі адамдарды қоспағанда, мұқтаж азаматтардың келесі санаттарына өтініш бойынша кірістерді есепке алмай көрсетіледі:

      1) дүлей апаттың салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 100 (жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      2) Өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) бір рет үш айдан кешіктірмей 200 (екі жүз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      3) денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар аурулары (адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, қатерлі ісіктер) бар адамдарға (отбасыларға) аурулардың бір түрі бойынша жылына 1 рет 15 (он бес)  айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      4) амбулаториялық емдеудегі туберкулез ауруы бар адамдарға ай сайын 6 айдан артық емес 15 (он бес)  айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      5) диспансерлік есепте тұрған адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауруды жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне ай сайын 2 (екі) ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде;

      6) қатерлі ісіктері бар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 15 (он бес)  айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      7) химиопрофилактика кезеңінде туберкулез жұқтырған балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне жылына 1 рет 3 (үш) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

      8) абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеу қызметтері әзірленген мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, жасына байланысты зейнеткерлерге Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдаманың құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде екі жылда 1 рет 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

        9) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға гемодиализ алу кезеңінде жол жүруге ай сайын 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасы шегінде санаторийлік-курорттық емделуге жолдама құнын өтеуге төлем туралы құжаттар негізінде жылына 1 рет 60 (алпыс) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

     11) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында көрсетілген адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша темір жол немесе автомобиль жолаушылар көлігімен госпитальға емделуге екі жаққа жол жүру құнын өтеуге жөнелту станциясынан емдеуге жатқызу орнына дейін және кері қайтуға растайтын құжаттарды ұсынған кезде жылына 1 рет 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;

     12) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5 және 6-баптарында  көрсетілген адамдарға, коммуналдық қызметтер үшін шығындарын төлеуге ай сайын 2,5 (екі) айлық есептік көрсеткіш шекті мөлшерінде;».

 

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 14 қазандағы № ҚР ДСМ-114 «Қазақстан Республикасында нефрологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес келтіру мақсатында.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің әлеуметтік төлемдер мөлшерін біріздендіру жөніндегі ұсынымдарын орындау мақсатында.

 

 

 

 

 

Шортанды ауданының

«Жұмыспен қамтужәне әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ  басшысы                                                                                                                                      Ж.Амантай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
03 июня 2026