Шортанды аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 қарашадағы № 8С-10/3 «Шортанды ауданының әлеуметтiк көмек көрсетудің, оның мөлшерлерiн белгiлеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

р/с №

Көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1

Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы

 

«Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігінің, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және (немесе) оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3-тармақтарына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 112 бұйрығына сәйкес

3.

Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі).

Облыстық және жергілікті бюджеттер есебінен.

4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарлар, сондай-ақ нормативтік құқықтық акт жобасы ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге әсері.

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарға әкеп соқпайды.

5.

Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдері

Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау.

6.

Заңнама нормаларын нормативтік құқықтық актінің енгізілетін жобасына сәйкес келтіру қажеттілігі (басқа құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетінін көрсету) не мұндай қажеттілік болмаған жағдайда.

жоқ

7.

Нормативтік құқықтық актжобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі.

жоқ

8.

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері.

Талап етпейді.

 

 

Шортанды ауданының

«Жұмыспен қамтужәне әлеуметтік

бағдарламалар бөлімі» ММ  

басшысы                                                                                                                      Ж.Амантай

Дата публикации
03 июня 2026