Шортанды ауданынын «Ішкі саясат жане тілдерді дамыту белімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

Шортанды ауданы

әкімінің қаулысымен

бекітілген

                                                                                         202    жылғы                «  »  

        №

 

     

Шортанды ауданының «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

1 Тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Шортанды ауданының «Ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) ведомстволық бағынысты аумақта ішкі саясат және тілдерді дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ және орыс тілдеріндегі өз атауы көрсетілген мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында ашылған шоттары бар.
  4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
  5. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оған осындай өкілеттік берілген жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  6. Мемлекеттік мекеме өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылай хан көшесі, 26 А.
  9. Осы ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
  10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
  11. Мемлекеттік мекемеге Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктеріне жататын міндеттерді орындау мәні бойынша кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, алынған табыстар, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

 

2 тарау. Мемлекеттік мекеменің мақсататтары мен міндеттері

 

  1. Мемлекеттік мекеменің міндеттері:

1) мемлекет басшысының саясатын, Үкімет қаулыларын, облыс және аудан әкімінің ішкі саясат мәселелері жөніндегі шешімдерін іске асыру;

2)  тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

3)  тілдерді дамыту саласындағы басқарушылық саясатты жүзеге асыру;

4)  көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

  1. Мемлекеттік мекеменің құқықтары мен міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;

2) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер өткізуге;

3) мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және коммуникация жүйелерін пайдалануға;

4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес әкімшілік рәсімдерді сақтауға, рәсімдердің заңдылық, ашықтық және тиімділік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға.

  1. Мемлекеттік мекеменің функциялары:

1) ішкі саясат және тілдерді дамыту мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

2) қоғамдық-саяси тұрақтылықтың, ұлтаралық келісімнің, әртүрлі ұлт өкілдері арасындағы достықтың конституциялық қағидаттарын қамтамасыз ету;

3) мемлекеттік жастар саясатын жүргізу;

4) әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;

5) діни және қоғамдық бірлестіктермен байланыс орнату;

6) өз құзыреті шегінде ішкі саясат пен тілдерді дамыту мәселелері бойынша бөлімдердің, ауылдық округтер мен кенттер әкімдерінің жұмысына практикалық көмек көрсету;

7)Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын, Үкімет бағдарламаларын және «Қазақстан-2030» даму стратегиясын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

8) мемлекеттік жоспар тапсырмаларын орындау және мемлекеттік тәртіптің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;

9) бұқаралық ақпарат құралдарында Республиканың жалпыұлттық мемлекеттік даму стратегиясын түсіндіру мен насихаттауды қамтамасыз ету;

10)мемлекеттік мекеменің қарауындағы мемлекеттік меншікті қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;

11)мәдениет ескерткіштерін есепке алу мен қорғауды қамтамасыз ету;

12)Мемлекеттік тілді оқытуды ұйымдастыру;

13)Мемлекеттік тілдің қоғамдық қызметтерін дамыту және кеңейту мәселелері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелермен өзара іс-қимыл жасау;

14)Қазақстан Республикасыныңың тіл туралы заңнамасында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану.

15)сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;

16)әлеуметтік зерттеулер жүргізу және оларды талдамалық өңдеу;

17)«Жасыл Ел» еңбек жасақтарының қызметін қамтамасыз ету.

 

  • тарау. Мемлекеттік мекеменің бірінші

басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. Мемлекеттік мекемені басқару оған жүктелген міндеттердің орындалуы мен өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін дербес жауапкершілік көтеретін бірінші басшы арқылы жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
  3. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) аудан әкімдігінің бекітуіне мемлекеттік мекеме туралы ережені ұсынады;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нұсқаулар береді;

4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;

5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;

7) мемлекеттік мекеме жұмысының перспективалық және ағымдағы жоспарларын бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес меншік нысанына қарамастан барлық мемлекеттік органдарда, сотта және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;  

9) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды және ол үшін дербес жауапты болады;

10) Өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасады;

11) "Е-Қызмет" ИАЖ жүргізуді, сондай-ақ қағаз және электрондық түрде құжат айналымын қамтамасыз етеді;

12) Өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мемлекеттік мекеме басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

Негізгі қызметкер болмаған кезеңде қаражатты үнемдеу шегінде оны алмастыратын адамға лауазымдық жалақының 50% - на дейін қосымша ақы төленеді.

 

4 тарау. Мемлекеттік мекемесінің мүлкі

 

  1. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.

 

5 тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
22 апреля 2026