Лого проекта

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
2019 жылға аудан бюджетінің атқарылуы жөнінде есептілік

 

2019 жылға аудан бюджетінің атқарылуы жөнінде есептілік

 

2019 жылы аудан бюджетінің атқарылуы Қазақстан Республикасының Бюджеттік заңнамасына, мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген басымдықтарға, сондай-ақ, Шортанды ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамында анықталған бағыттарға сәйкес  жүзеге асырылды.

млн.тенге

Атауы

2019 жылға бекітілген бюджет

2019 жылға түзетілген бюджет

2019 жылға кассалық орындалу

Ауытқу

2019 жылға орындалу %

Кірістер, оның ішінде:

5 377,5

6 581,7

6 639,6

57,9

100,9

Салықтар және төлемдер

927,2

927,2

985,1

57,9

106,2

Нысаналы ағымдағы трансферттер

944,4

1 633,8

1 633,8

0

100

Дамытуға арналған нысаналы трансферттер

1 510

2 024,8

2 024,8

0

100

субвенциялар

1 995,9

1 995,9

1 995,9

0

100

Шығындар

5 377,5

6 679,7

6 674,5

-5,2

99,9

 

 

2019 жылға арналған аудан бюджеті «2019–2021жылдарға арналған аудан бюджеті туралы» аудандық мәслихат сессиясының 2018 жылғы 24 желтоқсандағы № С-35/2 шешімімен кірістер бойынша5 377,5 млн. теңге, шығындарбойынша 5 377,5 млн. теңге көлемінде бекітілген.

Жыл бойы аудан бюджеті бюджеттік заңнама аясында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген трансферттер сомаларының өзгеруіне байланысты (5 рет) нақтыланды, нәтижесінде, бюджет көлемі 1 302,2 млн.теңгеге артты (трансферттер 1 204,2  млн.теңгеге) және кірістер бойынша  - 6 581,7 млн.теңгені, шығындар бойынша – 6 679,7 млн.теңгені құрады.

2019 жылы аудан бюджетінің кіріс бөлігі 30 кіріс көзінің есебінен құралды. Негізгісі – әлеуметтік салық, оның кірістердің жалпы көлеміндегі меншік салмағы 49,4% құрады.

Тұтастай алғанда, аудан бюджетінің атқарылуы келесі көрсеткіштермен сипатталады:

Меншік кірістер (салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша)927,2 млн.теңге сомасында бекітілген.

Кірістер985,1 млн. теңгеге орындалған немесе жоспарға 106,2%.

Салықтық түсімдер бойынша жоспарға 105,2%  орындалған.

Салықтық емес түсімдер бойынша жоспарға 140,1%.

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша жоспарға 115,6%.

ШЫҒЫНДАР

2019 жылғы аудан бюджеті бойынша шығындар бекітілген бюджетпен салыстырғанда 1 302,2 млн.теңгеге ұлғайтылды және 6679,7млн.теңгені құрады, 99,9% игерілді немесе6674,5 млн.теңге.

            Қалдықтардың игерілмеген үлесі шығыстардың жалпы сомасында 5,2млн.теңгені құрады.        

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шегінде

2019 жылға аудан бюджетінің атқарылуы

Орташа аудандық – 99,9%

 

Аудан бюджетінің білім беруге арналған шығыстары: 2017жыл – 2221,1 млн.теңге, 2018 жыл – 2 310,9 млн.теңге, 2019 жыл – 2 923,7 млн.теңге.

 

жоспар

Білім беруге арналған шығындар 2018жылдың деңгейімен салыстырғанда 612,8 млн.теңгеге ұлғайтылды(26,5%), оның ішінде, 9 млн.теңгесомасында республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен тілдік курстар бойынша тағылымдамадан өткен мұғалімдерге қосымша ақыға, 2,2 млн.теңге негізгі қызметкердің оқуда болу кезеңіне ауыстырғаны үшін мұғалімдерге қосымша ақыға, 72,7 млн.теңге ұлттық біліктілік сынақтамадан өткен және бастауыш, негізгі және орта білім берудің білім бағдарламаларын жүзеге асыратын мұғалімдердің педагогикалық шеберлік біліктілігі үшін қосымша ақыға, 1,7 млн.теңге мектептердің педагог-психологтарының педагогикалық шеберлік біліктіліктері үшін қосымша ақыға, 1,2 млн.теңге мектептердің педагог-психологтарының лауазымдық кесімді еңбекақыларының мөлшерін ұлғайтуға, 177 млн.теңге білім берудің жаңғыртылған мазмұны бойынша бастауыш, негізгі және орта білім берудің оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне қосымша ақыға және аталған бағыт бойынша жергілікті бюджет қаражаттары есебінен төленген шығыстар сомасын өтеуге, 164,6 млн.теңге Бозайғыр а. Бозайғыр ОМ ғимаратын күрделі жөндеуге, облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен12,4 млн. теңге сомасында мектептерге оқулықтар сатып алуға және жеткізуге, 14,3 млн. теңге аз қамтылған отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, 14,3 млн.теңге аз қамтылған отбасыларынан шыққан мектеп оқушыларын мектеп формасымен және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етуге, 1,7 млн.теңге «Кәмелетке толмағандардың денсаулығын және өмірлік тәжірибелерін қалыптастыру және олардың арасында өзіне-өзі қол жұмсаушылықтың алдын алу» бағдарламасын енгізуге, 7,1млн.теңге Степной а. Степной ОМ төбесін ағымдағы жөндеуге, 6,2 млн.теңгеСтепной а. Степной ОМ төбесін ағымдағы жөндеуге, 200 млн.теңге Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында 140 орындық балалар бақшасының құрылысына.

Білім беру бойынша 2019 жылы игерілген қаражаттар:

2206,5млн.теңге –аудан мектептерін ұстау (24мектеп, 1 кешкі мектеп, 2 мектептер жанындағы шағын орталықтар);

184,7 млн.теңге – білім берудің мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім тапсырысын жүзеге асыруға (3 балалар бақшасын 7 топ, 12 аудан мектептерінің жанындағы шағын орталықтарды, Бозайғыр а. «Бөбек» балалар бақшасын және Шортандык. «Радуга» жеке меншік балалар бақшасын ұстау);

190,5 млн.теңге – мектепке дейінгі ұйымдарды ұстау (6балалар бақшалары);

91,7 млн. теңге –мектептен тыс ұйымдарды ұстау (2 шығармашылық үйі, 1 музыка мектебі, 1 жүзу бассейні);

25,8 млн.теңге – балалар мен жасөспірімдерге  спорт бойынша қосымша білім беру;

2,8 млн.теңге – білім берудің мемлекеттік мекемелерінде білім беру жүйесін ақпараттандыруға;

166,9 млн.теңге – Бозайғыр а. орта мектепке күрделі жөндеу жүргізілді;

54,8 млн.теңге – 1-10 сыныптарға 25 695 данасанымен оқулықтар сатып алынды, мектепалды дайындық үшін 3 959 дана;

54,8 млн.теңге –мектептерге сатып алынды – шкафтар, парталар, су жылытқыш, спорт құралдары, балалар бақшалары мен шағын орталықтарға – 6 мұздатқыш камералар және 8 су жылытқыштар, шаңсорғыштар, интерактивті тақта, ноутбук, су тазартқыш, кір жуатын және тігін машиналары, Қайнар балалар-жастар клубы үшін – шаңсорғыш, өрт құбыршектері, бейнебақылау жүйесі үшін монитор.

13,5 млн.теңге – жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына  ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері;

200 млн.теңге –Шортанды ауданының Төңкеріс ауылында 140 орындық балалар бақшасының құрылысына.

 

 

 

            Әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша шығындар 2018жылдың деңгейімен салыстырғанда 97,2%-ға артты және 329,8 млн.теңгені құрады,329,8 млн.теңге игерілген немесе жоспарға100%.        

«Жұмыспен қамту» бағдарламасы бойынша шығыстар 87,2 млн.теңге, оның ішіндеқоғамдық жұмыстарға 130адам жіберілген, жұмыссыздар қатарынан115 адам оқытылған, әлеуметтік жұмыс орындарына 35адам жіберілсе,жастартәжірибесіне42адам жіберілген,«Бастау Бизнес» жобасы бойынша 186 адам оқудан өткен және сертификаттар алған, 37 адам «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несиелер алған, 65 адам жаңа бизнес идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар алды.

«Жаңа форматтағы АӘК» бағдарламасы бойынша 1 425 адамнан тұратын 267 отбасы 123,5 млн.теңге сомасына жәрдемақы алды.

«Жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек» бағдарламасы бойынша шығыстар 2019 жылы23,4 млн.теңгені құрады, оның ішінде: онкоауруларғаматериальдық көмек – 23 адамға 0,9 млн.теңге сомасына, амбулаториялық емделудегі құрт ауруымен ауыратындардың әлсіз топтарына төлемдер - 40адам 1,5 млн.теңге сомасына, 2-дүние жүзілік соғыс кезінде фашистермен және олардың одақтастарымен құрылған концлагерь, гетто және басқа да мәжбүрлік сипаттағы орындардың бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарының коммунальдық қызметтеріне төлемдер - 3адам 90,9 мың теңге сомасына, 1,2-топ мүгедектерінің өтініштері бойыншадәрі-дәрмек сатып алу үшін материальдық көмек төлемдері - 304адам 6,1 млн.теңге сомасына, дәрі-дәрмек сатып алу үшін 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 42адам 0,3 млн.теңге сомасына, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек төлемдері – 1отбасы 20,2 мың теңге сомасына,өрт жағдайындаорташа жан басына шаққандағы кірістері күн көріс деңгейінен артатын азаматтарға әлеуметтік көмек төлемдері - 5адам 0,5 млн. теңге сомасына, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларға әлеуметтік көмек төлемдері - 2адам 25,3 млн. теңге сомасына,Жеңіс күніне орай әлеуметтік көмек төлемдері - 161адам 1,4 млн. теңге сомасына,Қарттар күніне орай зейнеткерлерге әлеуметтік көмек төлемдері - 673адам 3,4 млн. теңге сомасына, мүгедектер күніне орай мүгедектерге әлеуметтік көмек төлемдері - 925 адам 4,7 млн. теңге сомасына, Әскерді Ауғаныстаннан шығару күніне орай интернационал жауынгерлергеәлеуметтік көмек төлемдері - 22 адам 2,2 млн. теңге сомасына, медициналық ЖОО студенттеріне оқу үшін төлемдер -3адам 2,2 млн. теңге сомасына.

Үйлерінен тәрбиеленіп, оқытылатын 12 мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге шығыстар0,6 млн.теңге сомасында.

«18 жасқа дейінгі балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар» бағдарламасы бойынша шығыстар2017жылға3,6 млн.теңге, алатындар саны – 219бала.

Мұқтаж мүгедектерді арнайы гигиеналық жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша алатындар саны - 109адам. 19 адамға жеке көмекшілер қызмет көрсетеді. Шығындар 14 млн.теңгені құрады.

6 штат бірлігі бар Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің  «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі 2011 жылдан бастап әрекет етеді.Жұмыспен қамту орталығының қызметін қамтамасыз етуге 30,3 млн. теңге бөлінді.

«Мүгедектердің құығын және өмір сүру сапасын жақсартуды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша  шығындар 9,1 млн.теңгені құрады, алатындар саны – 109 адам.

Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру бағдарламасы бойынша шығындар 9,8 млн.теңгені құрады, қызмет көрсетілетін жалғыз басты қарт азаматтардың саны – 57 адам.

 

Әлеуметтік шығыстармен қатар, бюджет шығыстарының жоғары деңгейі нақты секторға да тиесілі. 

«Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жұмыс істеуі» бағдарламасы бойынша 2019 жыл бойы сумен жабдықтау желілерін ағымдағы жөндеуге 24,4 млн.теңге бөлінген, игерілу 100%.            «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету»бағдарламасы бойынша нақтыланғанжоспар бойынша – 27,1 млн. теңге, кассалық орындалу27,1 млн. теңгені құрайды немесе 100%. Қаражаттар Шортанды ауданының Шортанды кентінің көше-жол желілерін ағымдағы жөндеуге бағытталды.

          «Көлік инфрақұрылымының басымды жобаларын іске асыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған жоспар бойынша – 440,6 млн. теңге, кассалық орындалу440,6 млн. теңгені құрады немесе 100%. Қаражаттар бағытталды:

          - Шортанды ауданының Ключи ауылының кіреберіс жолдарын күрделі жөндеуге440,6       млн.теңге;

«Жылу желілерін пайдалануды ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған жоспар бойынша  – 26 млн. теңге, кассалық орындалу 26 млн. теңгені құрады немесе 100%. Қаражаттар жылумен жабдықтау кәсіпорындарының жылыту маусымына дайындығына бағытталды.

«Коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау» бағдарламасы бойынша нақтыланған жоспар бойынша – 238,9 млн. теңге, кассалық орындалу238,9 млн. теңгені құрады немесе 100%. Қаражаттар бағытталды:

          - Шортанды к. Дзержинский көшесі, 54 мекен-жайы бойынша 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына - 238,1 млн.теңге;

          - «Төңкеріс а. 36 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы» объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеуге - 0,8 млн.теңге;

          - «Шортанды ауданының Шортанды к. 36 пәтерлі тұрғын үйді байланыстыру» объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеуге - 50 мың теңге;

«Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бағдарламасы бойынша нақтыланған жоспар бойынша – 1003,7 млн. теңге, кассалық орындалу 1 003,7 млн. теңгені құрады немесе 100%. Қаражаттар бағытталды:

          - Шортанды кентінде  ЖТҚ жаңа құрылысының учаскілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына 1. Сумен жабдықтау желілері -452,8 млн.теңге;

          - Шортанды ауданының Шортанды кентінде  ЖТҚ жаңа құрылысының учаскілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына 2. Электрмен жабдықтау желілері -378 млн.теңге;

          - Шортанды ауданының Научный кентінде  ЖТҚ жаңа құрылысының учаскілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына 1. Сумен жабдықтау желілері -71,5 млн.теңге;

          - Шортанды ауданының Научный кентінде  ЖТҚ жаңа құрылысының учаскілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысына 2. Электрмен жабдықтау желілері –51,9 млн.теңге;

          - Ақмола облысы Шортанды ауданының Шортанды кентінде 36 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер құрылысына (Дзержинский көшесі, 54)  – 49,4 млн.теңге;

          - «Ақмола облысы Шортанды ауданының Төңкеріс а.  ЖТҚ жаңа құрылысының учаскілеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысы 1. Сумен жабдықтау желілері 2. Электрмен жабдықтау желілері» объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеуге –0,1 млн.теңге;

          - «Шортанды ауданының Шортанды кентінде 36 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер құрылысы (Новая көшесі, 2)»объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеуге  – 30 млн.теңге.

«Ауылдық елдімекендерде сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту» бағдарламасы бойынша нақтыланған жоспар бойынша – 585,6 млн. теңге, кассалық орындалу587,6 млн. теңгені құрады немесе 100%. Қаражаттар бағытталды:

          - Ақмола облысы Шортанды ауданының Петровкаауылында қолданыстағы су құбырлары желілері мен құрылғыларын реконструкциялауға – 189,8 млн.теңге;

          - Шортанды ауданының Төңкеріс а.таратушы сумен жабдықтау желілерін реконструкциялауға–393,3 млн.теңге, объект 2020 жылға өтпелі;

          - «Раевка а.суаақы және су жинаушы ұңғымалар құрылысы»объектісі бойынша ЖСҚ әзірлеуге –2,5 млн.теңге, объект 2020 жылға өтпелі;

           «Өңірлерді дамыту» бағдарламасыбойыншажоспар бойынша – 20,8 млн. теңге, игерілу 20,8 млн. теңгені құрады немесе 100%. Аталған бағдарлама бойынша келесі іс-шаралар жүргізілді, оның ішінде:

          - Петровка а. - көше құмыраларын әзірлеу, Белое озеро а. спорт алаңының құрылғысы;

          - Раевка а. - Абай көшесі бойынша қоршауларды бұзу және орнату жөніндегі жұмыстар (Уәлиханов тұйық көшесі);

          - Шортанды к. - спорт алаңының құрылғысы;

          - Пригородное а. - ойын алаңын әзірлеу және құрастыру;

          - Жолымбет к. – жолдарға ұсақ тас төсеу және ағымдағы жөндеу, қоршаулардыағымдағы жөндеу;

          - Бектау а. – Бектау а. жолдарын тегістеу, Абай көшесі бойынша қоршаулар орнату (156 м), сәкілер әзірлеу және орнату;

            - Новоселовка а. – Новоселовка орта мектебінің аумағында балалар ойын кешенін орнату;

            - Новокубанка а. – Новокубанка а. кіре берісте арка әзірлеу және құрастыру;

- Бозайғыр а. – Төңкеріс ст. Көше жарықтандыруларын ағымдағы жөндеу, көше металл қоршауын әзірлеу және орнату, жол белгілерін, жасанды тегіссіздікті әзірлеу және орнату, обелискінің жарықтандыру жүйесін әзірлеу және орнату, Бозайғыр а. жолдарын тегістеу;

- Дамса а. – Дамса а. мен Степное а. арасындағы кіре беріс жолдарды ағымдағы жөндеу, Дамса а. қоршау орнатумен футбол алаңын жайластыру, ойын алаңын әзірлеу және орнату, балалар алаңын орнату үшін жерді тазарту жөніндегі қызметтер, стадионның қоршауын орнату үшін жерді тазарту жөніндегі қызметтер, балалар алаңының қоршауын орнату үшін жерді тазарту жөніндегі қызметтер.

Кентішілік және ауданішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру үшін 6,3 млн.теңге бөлінді, 100% игерілді.  Шортанды к.-Степное а.-Дамса а. бағыты бойынша жұмыс күндері, сондай-ақ, Пригородное-Шортанды-Бозайгыр бағыты бойынша жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру үшін 0,9 млн.теңге бөлінген және игерілген, яғни, 100%.

 

Әлеуметтік сала мамандарын әлеуметттік қолдау жөніндегі шаралар

 

           2019 жылы Шортанды ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария саласының мамандарын әлеуметтік қолдау шаралары 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі бір жолғы көтерме жәрдемақы және 1500 АЕК мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер түрінде берілді.

 

           2019жылы 21 маманға 5,3млн. теңге сомасына көтерме жәрдемақы төленді.

 

 

Салалар

Адам саны

Берілген жәрдемақы сомасы, млн.теңге

Білім беру

14

3,5 

Денсаулық сақтау

5

1,3

Мәдениет

1

0,25

Әлеуметтік қамсыздандыру

1

0,25

Барлығы:

21

5,3

 

Тұрғын үй сатып алуға 34 маманға125млн. теңге сомасына бюджеттік кредиттер берілді.

 

 

Салалар

Адам саны

Берілген бюджеттік кредиттер сомасы, млн.теңге

Білім беру

23

83,3 

Денсаулық сақтау

8

30,3

Мәдениет

2

7,6

Агроөнеркәсіптік кешен

1

3,8

 

 

 

Барлығы:

34

125

Жүктеу

Документы
Есеп
06 января 2020
Шортанды ауданының әкімдігі
Шортанды ауданының 2020 жылға арналған бюджетінің атқарылуы туралы есеп
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Facebook
Instagram
Telegram
Youtube

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы