Жолымбет кентінде:
- екі мектепке робототехника сыныптары жабдықталып, оқушылар парталары мен орындықтары сатып алынды;
- спорт залы мен дәрігерлік амбулаторияға ағымдағы жөндеу жүргізілді;
- тіс емдеу бөлмесіне жаңа құрал-жабдықтар қойылды, жедел медициналық жәрдем көлігі сатып алынды;
- жарықтандыру бағаналары орнатылды;
- «Ботагөз» бөбекжай-бақшасының қасбетіне күрделі жөндеу жүргізілді;
- ауылда санитария жағдайын жақсарту мақсатында ассенизаторлық машина сатып алынды;
- Победа саябағының қоршауы ауыстырылды;
- ауылдың шығармашылық ұжымдары үшін сахналық киімдерді тігу үшін тігін машиналары сатып алынды;
- мәдениет үйінің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізілді;
- әкімдіктің әкімшілік ғимараты жөнделді;
-мәдениет үйіне арналған LED-экран, сондай-ақ отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға арналған жиһаз және төсек-орын жабдықтары сатып алынды.
Бұл жұмыстардың қажеттілігі әкімдермен және ауылдардың бастамашыл тұрғындарымен кездесулердің қорытындысы бойынша анықталды.