"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету

"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету
1-тарау. Жалпы ережелер
      1. Осы "Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
      7. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет екі кезеңде көрсетіледі.
      Бірінші кезең: сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұраған кезде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау – 12 (он екі) жұмыс күні ішінде:
      Жер комиссиясының оң қорытындысы болған жағдайда – жерге орналастыру жобасын дайындау үшін көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды, жер комиссиясының теріс қорытындысы болған жағдайда - мемлекеттік қызмет көрсетуде жер комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімі өткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде уәжді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды.
      Аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтердің әкімдері шешім қабылдаған жағдайда, жер комиссиясының қорытындысы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жіберіледі.
      Екінші кезең: жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу – бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның жұмыскері бекітілген жерге орналастыру жобасы келіп түскен және бас тарту үшін негіздер болмаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің және сатып алу-сату не уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартының жобасын дайындауды және келісуді қамтамасыз етеді;
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
      Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
      Көрсетілетін қызметті беруші тыңдалым нәтижелері бойынша сұралып отырған жер учаскесін аумақтық аймақтарға бөлуге сәйкес мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін айқындау туралы, жер учаскесін алдын ала таңдау (елді мекен шегінде объектілер салуды қоспағанда, объектілер салу үшін жер учаскесін сұрау кезінде), жер комиссиясының қорытындысын дайындау, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдау және сатып алу-сату шартын жасасу немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Дата публикации
27 декабря 2024