Азаматтық бюджет
Жолымбет кенті әкімінің аппараты " ММ
2022 – 2024 жылдарға арналған
2022-2024 жылдарға арналған "Шортанды ауданы Жолымбет кенті әкімінің аппараты" ММ азаматтық бюджеті Жолымбет кенті бюджетінің негізгі көрсеткіштері, оны қалыптастыру параметрлері және бюджет қаражатын жұмсау бағыттары туралы ақпаратты қамтиды.
Бұл құжат «Бюджетті жоспарлау» бөлімін, «Әлеуметтік - экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері» және «Кент бюджетінің түсімдері мен шығыстары» кіші бөлімдерінен тұрады.
Ауылдық округ бюджеті-бұл ауылдық округ әкімінің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге, әкімшілік-аумақтық бірліктің нақты нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджеттік процесс-Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасымен регламенттелген жоспарлау, қарау, бекіту, орындау, нақтылау, түзету, бюджеттік есепке алу мен есептілікті жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау жөніндегі қызмет.
Шортанды ауданының 2022-2024 жылдарға арналған Жолымбет кентінің бюджеті Қазақстан Республикасының Бюджет және Салық кодекстеріне, Шортанды ауданының Жолымбет кентінің 2022-2024 жылдарға арналған әлеуметтік - экономикалық даму болжамына сәйкес қалыптастырылды. Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 7с-18/2 шешімімен бекітілген
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - Қазақстан Республикасында зейнетақыларды, жәрдемақыларды және өзге де төлемдерді есептеу үшін, сондай-ақ айыппұл санкцияларын қолдану, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіш (жыл сайын «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленеді).
Ең төмен күнкөріс деңгейі-мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс.
Ең төменгі еңбекақы – бір айда жұмыскерге кепілденген айлық біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек орындау кезінде еңбек нормаларын (еңбек міндеттерін) қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде Еңбек кодексімен белгіленген Қазақстан Республикасының.
Ең төменгі жалақы – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек нормаларын (Еңбек міндеттерін) орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері.
"2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 379-VI заңмен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап белгіленген:
1) жалақының ең төмен мөлшері – 60000 теңге;
2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері – 19450 теңге;
3) зейнетақының ең төменгі мөлшері-46302 теңге;
4) Жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай – ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш-3063 теңге;
5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 36018 теңге.
Бюджет көлемі
млн.теңге
Тыс. тенге
|
Атауы
|
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
1 |
3 |
4 |
5 |
|
Түсімдер-барлығы |
78115 |
57735 |
62288 |
|
Меншікті кірістер, оның ішінде: |
53644 |
55235 |
56788 |
|
Салық түсімдері |
53644 |
55235 |
56788 |
|
Трансферттер түсімі |
500 |
500 |
500 |
Салық түсімдерінің құрылымы
2022 жылға арналған Жолымбет кентінің бюджетіне
Шортанды ауданы Жолымбет кенті бюджетінің шығыстары
тыс.тенге
|
Атауы |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
|
ШЫҒЫСТАР - барлығы,
оның ішінде |
78115 |
57735 |
62288 |
|
Мемлекеттік қызметтер |
30366 |
34381 |
37536 |
|
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру |
5641 |
2293 |
2293 |
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |
2900 |
3103 |
3320 |
|
Автобобильді көлік |
500 |
535 |
572 |
|
трансферттер |
18708 |
17423 |
18567 |
|
өзгелері |
20000 |
|
|
2022 жылы Жолымбет кенті бюджетінің қаражатын жұмсаудың негізгі бағыттары
Аудандық мәслихат сессиясының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № № 7с-18/2 шешіміне сәйкес . "2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" республикалық бюджеттен 2022 жылға арналған нысаналы трансферттердің көлемі анықталды.
2022 жылға арналған республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер
|
Атауы |
Сомасы мың теңге |
|
|
|
||
|
БАРЛЫҒЫ ағымдағы нысаналы трансферттер |
23971 |
|
|
оның ішінде: |
|
|
|
республикалық бюджеттен |
3971 |
|
|
Азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге |
652 |
|
|
Халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін қызметкерлердің жалақысына қосымша ақы белгілеуге |
3319 |
|
|
Облыстық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер |
20000 |
|
Қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – жоқ.
Бюджет тапшылығы (профициті) – жоқ.
Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – талап етпейді.