Меню

Страницы

Статья

Ағымдығы жылғы 6 айда Мемлекеттікқызметістеріагенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің ден қою шаралары негізінде 62 азаматқа жер учаскелері ұсынылды

Ағымдығы жылғы 6 айда Мемлекеттікқызметістеріагенттігі
Ақмола облысы бойынша департаментінің ден қою шаралары негізінде 62 азаматқа жер учаскелері ұсынылды

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің басты міндеттерінің бірі – көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
Жергілікті елді мекендерде жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер үлкен сұранысқа ие екені баршаға мәлім. Сонымен қатар, аталған саладағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына, қызмет берушілердің негізсіз бас тартуларына қатысты шағымдар саны да жиі түседі.
Осылайша, ағымдағы жартыжылдықта Департаменттің ден қою шаралары нәтижесінде 62 азаматқа әр түрлі мақсаттар үшін жер учаскелері ұсынылды.
Мысалы, кәсіпкер Көкшетау қаласының әкімдігіне қосымша ауданы 0,04 гектар жер телімін ұсыну туралы өтінішпен жүгінген. Алайда, мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтініште нысаналы мақсаты дұрыс көрсетілмегендіктен, жергілікті атқарушы орган оған жер телімін беруден бас тартқан.
Алайда, қызмет беруші кәсіпкермен тыңдау рәсімін дұрыс өткізбей, бас тарту үшін негіз болған ескертулерді жойып, қайта жүгіну мүмкіндігінен айырған.
Департаменттің шешімі негізінде әкімдік өтініш берушіге жер учаскесін ұсынды.
Сол сияқты Департаменттің қызмет көрсетуден бас тартуларды негізсіз деп тану туралы нұсқамалары негізінде Целиноград ауданының жергілікті атқарушы органдары 15 азаматқа өзiндiк қосалқы шаруашылығын жүргiзу үшін, 1 кәсіпкерге мал шаруашылығы базасын пайдалану үшін жер учаскелерін ұсынды.
35 азаматтың құқықтары олардың шағымдарынсыз проактивті қашықтықтан мониторинг жасау арқылы жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын сақтау мәселелері Департаменттің тұрақты бақылауында.

Дата публикации
25 июля 2024
Дата обновления
25 июля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
25 июля 2024
Ағымдығы жылғы 6 айда Мемлекеттікқызметістеріагенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің ден қою шаралары негізінде 62 азаматқа жер учаскелері ұсынылды
Есеп
01 марта 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Ақпарат
23 февраля 2024
Есеп беру кездесулері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы