
1983 жылғы 30 маусымда Монғолияның Ногоон-Чуур елді мекенінде дүниеге келген. Ұлты — қазақ.
2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Астана қаласындағы АСУ гуманитарлық колледжінде информатика пәнінің оқытушысы және тәрбие жұмысының әдіскері, «Медициналық ақпараттық талдау орталығы» мекемесінде инженер-бағдарламашы — деректер базасының әкімшісі, «Денсаулық сақтаудың инвестициялық жобаларын басқару орталығы» ЖШС-де БДБЖ енгізу және сүйемелдеу жөніндегі маман қызметтерін атқарған.
2011–2012 жылдары Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылындағы Бозайғыр орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. 2015–2020 жылдары Астана қаласындағы Құрылыс-техникалық колледжінде информатика пәнінің оқытушысы және директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2020–2021 жылдары Бозайғыр орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және информатика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.
2021 жылғы 28 шілдеден 2025 жылғы 14 шілдеге дейін — Ақмола облысы Шортанды ауданы Бозайғыр ауылдық округінің әкімі. 2026 жылғы 14 шілдеден 5 қазанға дейін — «Бозайғыр» ФОК басшысы. 2026 жылғы 5 қазаннан бастап — Шортанды кентінің әкімі. Вставленный Markdown