e-Gov

e-Gov

Электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуды қамтамасыз ету үшін Раевка ауылдық округінде әкімдік ғимаратында орналасқан Е-gov өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Онда компьютерге немесе интернетке қолжетімділігі жоқ округ тұрғындары электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өз бетінше ала алады. Тұрғындар барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер алады. Әкімдік мамандары өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу кезінде әдістемелік көмек көрсетеді және түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазақстан Республикасының "Е–gov" электрондық үкімет порталы арқылы азамат ХҚКО-ға жүгінбей, мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде ала алады. Қазіргі уақытта электрондық-цифрлық қолтаңба алу мен мобильдік азаматтар базасында тіркелу үшін egov порталында виртуалды ассистенттің көмегіне жүгінуге болады. Порталды пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шала алады, онда оған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары кеңес береді.
Ғимараттың стендінде мемлекеттік қызметтерді алу стандарттары мен ережелері, сондай-ақ қызмет алушылардың құқықтары орналастырылған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жұмыс істеуі уақыт және қаржы шығындарын қысқартуға, анықтамалар, куәліктер, рұқсат беру және басқа да қажетті құжаттарды алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік береді. 2023 жылдың өткен кезеңінде өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 220 қызмет алынды. Халықтың мобильділігі төмен санаттарына ерекше назар аударылады. Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қамтамасыз ету толығымен Е-gov порталымен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы жүзеге асырылады. Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мониторинг жүргізіледі.

Для обеспечения комфортного получения электронных госуслуг в Раевском сельском округе функционирует уголок самообслуживания egov, расположенный в здании акимата. В нем жители округа, у которых нет доступа к компьютеру или интернету, могут самостоятельно получать услуги, доступные на портале электронного правительства.  Жители получают ответы и разъяснения на все интересующие вопросы. Специалисты акимата оказывают методическую помощь и проводят разъяснительную работу при получении госуслуг через уголок самообслуживания. Через портал электронного правительства Республики Казахстан «e–gov» гражданин имеет возможность не обращаясь в ЦОН, получить госуслуги в электронном виде. В настоящее время получить электронно-цифровую подпись и зарегистрироваться в базе мобильных граждан можно с помощью виртуального ассистента на портале egov. В случае возникновения вопросов по пользованию порталом, услугополучатель может позвонить в контакт-центр 1414, где его проконсультируют специалисты госкорпорации «Правительство для граждан».
В здании на стенде размещены правила получения государственных услуг, а также права услугополучателей.
Функционирование уголка самообслуживания позволяет  сократить временные и финансовые расходы, упростить и ускорить получение справок, свидетельств, разрешительных и  других необходимых документов, без посещения различных организаций. За прошедший период 2023 года через уголок самообслуживания было получено 220 услуг. Особое внимание уделяется маломобильным категориям населения.  Социальное обеспечение лиц с ограниченными возможностями полностью осуществляется через портал egov посредством уголка самообслуживания. Ежемесячно ведется мониторинг по оказанию государственных услуг.