Назарларыңызға жеткіземіз, «Дамса ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі халықты қолданыстағы және талқыланып жатқан нормативтік құқықтық актілермен таныстыру мақсатында ақпараттық жүйелерге қолжетімділігі бар «Құқық кабинеті» және «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» құрылған.
Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша келесі мекенжайға хабарласуға болады:
Дамса ауылы, Велижанцева көшесі, 14.
Анықтама телефоны: 8 (71631)3-30-18.
1 маусымда Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеу басталады.
Іріктеуге мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес деңгейде меңгерген, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Іріктеу 2025 жылдың маусымынан қазанына дейін өтетін бірнеше кезеңнен тұрады. Іріктеу қорытындысы бойынша резервке үздік 50 үміткер қабылданады. Қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде резервшілер конкурстық іріктеуден тыс әртүрлі мемлекеттік лауазымдарға тағайындалуы мүмкін.
Іріктеу 6 бағыт бойынша іске асырылады:
• әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам;
• агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
• цифрландыру;
• инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
• экономикалық және қаржылық саясат;
• сыртқы саясат және инвестициялар.
1 кезең. http://pkrezerv.gov.kz/ порталында құжаттар қабылдау (1 - 30 маусым);
2 кезең. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (2-10 тамыз);
3 кезең. Ситуациялық тапсырмаларды шешу (16-17 тамыз);
4 кезең. «Құзыреттерді бағалау» кезеңі (22 тамыз - 28 қыркүйек);
5 кезең. «Сарапшылық комиссияда әңгімелесу» кезеңі (8-15 қазан);
6 кезең. Ұлттық комиссияның отырысы (25 қазанға дейін).
Үміткерлерге қойылатын талаптар мен іріктеу кезеңдері туралы барлық мәліметтер http://pkrezerv.gov.kz/ порталында қолжетімді. Тіркелу барысында кандидат сұрақтар туындаған жағдайда порталдағы Jivo чат немесе +7 700 096 70 74 нөмірі бойынша қолдау қызметіне, сондай-ақ info@pkrezrv.gov.kz электрондық поштасына жүгіне алады.
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасы бойынша БЖЗҚ-ға алғашқы нысаналы талаптар (18 жасқа дейінгі балаларға) есептелініп, нысаналы жинақтау шоттарына алғашқы нысаналы жинақтар (2024 жылы 18 жасқа толатын балаларға) түсті.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарламаға 2023 жылдың соңындағы жағдай бойынша кәмелетке толмаған, Қазақстан азаматы болып есептелетін барлық балалар қатысушы ретінде тіркелді.
Бағдарламаға қатысушылардың жалпы саны - 6 919 131 бала (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туылған балалар). Оның ішінде 304 815 қатысушы 2024 жылы 18 жасқа толады (қоса алғанда, 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. дейін туылған балалар).
Олардың барлығына өткен жыл үшін Қазақстанның Ұлттық қорынан 100 АҚШ доллары және 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелді.
Бұл тек алғашқы есептеулер екенін түсіну маңызды!!! Жыл сайын бұл сома Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алу есебінен ұлғайып отырады. Бұдан бөлек, есептелген қаражат Ұлттық қордың валюталық активтерінің құрамында инвестициялануын жалғастырады және Бағдарламаға қатысушы балаларға олар 18 жасқа толғанға дейін қосымша инвестициялық кіріс әкеледі.
18 жасқа 2024 жылы толатын балаларға аталған сома олардың БЖЗҚ-да автоматты түрде ашылған нысаналы жинақтау шоттарына түсті. Бағдарламаның бұл қатысушылары өздерінің нысаналы жинақтарын тұрғын үйге немесе білім алуға кәмелетке толғаннан кейін бірден пайдалануға құқылы болады.
Нысаналы талаптар – бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің 18 жасқа дейінгі азаматтары болып табылатын балалары алдындағы Ұлттық қорда жыл сайынғы инвестициялық кірістің 50% есебінен қалыптастырылатын міндеттемелері екенін естеріңізге саламыз. Ол соңғы 18 жылда (есепті жылдың алдындағы) орташаланған кірістілік мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Нысаналы талаптар ретінде ескерілетін қаражат бала 18 жасқа толғанға дейін инвестициялануын жалғастырады және оларға жыл сайын қосымша инвестициялық кіріс есептелетін болады.
Заңға сәйкес, нысаналы талаптарды пайдалану құқығы бала 18 жасқа толғаннан кейін ғана пайда болады. Бала 18 жасқа толған жылы жинақталған нысаналы талаптар сомасы БЖЗҚ-да ашылған баланың нысаналы жинақтау шотына тұрғын үйге немесе білім алуға пайдалану үшін аударылады.
БЖЗҚ-да Қазақстан азаматтары болып табылатын және ағымдағы жылы 18 жасқа толатын балалардың нысаналы жинақтау шоттарында жинақталған ақша нысаналы жинақтар деп аталады. Осы қаражатты пайдалану үшін бағдарламаның кәмелетке толған қатысушысы нысаналы жинақтарды БЖЗҚ-дан АҚШ долларымен аударылатын банктік шот ашып, уәкілетті операторларға жүгіне алады. БЖЗҚ-мен келісім жасасқан және "Ұлттық қор - балалар" бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін уәкілетті операторлардың тізімі enpf.kz сайтында орналастырылған.
БЖЗҚ "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша барлық нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды (жинақталатын инвестициялық кірісті қоса алғанда) АҚШ долларымен есепке алуды жүзеге асырады, сондай-ақ, бағдарламаға қатысушылар бойынша ақпарат береді.
Баланың бағдарламаға қатысуы туралы және есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата-анасы (немесе басқа да заңды өкілдері) арнайы ашылған kids.enpf.kz сайтында (баланың ЖСН бойынша) тексере алады. Мұнда сіз, сондай-ақ, бағдарламаның шарттарымен, нұсқаулықпен танысып, өзіңізді қызықтырған сауалдарға жауап ала аласыз. Ата-аналар өз балалары бойынша есептелген қаржы туралы деректерді egov.kz порталындағы Жеке кабинетінде тексере алады.
Нысаналы жинақтарды кәмелетке толған азамат enpf.kz сайтындағы өзінің Жеке кабинетінде, БЖЗҚ-ның ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.
Еліміздің жасы, жынысы, өңірлері бөлінісіндегі есептеулер бойынша статистикалық есептер enpf.kz сайтында тұрақты түрде орналастырылатын болады.
Нысаналы талаптарға/нысаналы жинақтауға қатысушылардың
жынысы мен туған жылы бойынша саны:
|
туған жылы |
жынысы |
||
|
еркек |
әйел |
барлығы |
|
|
2006 |
156 003 |
148 812 |
304 815 |
|
2007 |
169 535 |
161 122 |
330 657 |
|
2008 |
187 098 |
177 706 |
364 804 |
|
2009 |
185 549 |
174 688 |
360 237 |
|
2010 |
189 443 |
179 762 |
369 205 |
|
2011 |
191 954 |
181 958 |
373 912 |
|
2012 |
194 720 |
186 028 |
380 748 |
|
2013 |
199 283 |
187 910 |
387 193 |
|
2014 |
204 706 |
194 048 |
398 754 |
|
2015 |
204 745 |
193 648 |
398 393 |
|
2016 |
206 255 |
193 580 |
399 835 |
|
2017 |
200 683 |
188 487 |
389 170 |
|
2018 |
204 014 |
192 501 |
396 515 |
|
2019 |
206 223 |
193 756 |
399 979 |
|
2020 |
219 068 |
205 488 |
424 556 |
|
2021 |
228 076 |
215 192 |
443 268 |
|
2022 |
210 091 |
198 141 |
408 232 |
|
2023 |
200 654 |
188 204 |
388 858 |
|
барлығы |
3 558 100 |
3 361 031 |
6 919 131 |
БЖЗҚ Бағдарламаға қатысушы балалардың толық тізімін жыл сайын "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған ресми мәліметтер негізінде қалыптастыратынын білген маңызды. Егер бала осы дерекқорға қосылған болса, ол автоматты түрде "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының қатысушысы болады және оған бағдарламаға қатысқан барлық жылдар ішінде нысаналы талаптар мен инвестициялық кіріс есептелетініне кепілдік беріледі.
Егер бала қандай да бір себептермен "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорында болмаса және осы себепті бағдарламаға қатысушылардың тізіміне енгізілмеген болса (бірақ оның қатысушы болуға құқығы болса), онда нысаналы талаптар келесі күнтізбелік жылы өткізіп алған кезең (өткізіп алған кезеңдер) үшін толық көлемде (инвестициялық кірісті қоса алғанда) есептеледі.
Бұл жағдайда балалардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) мына деректерді тексеруге кеңес береміз:
Егер балада:
"Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорына қажетті түзетулер енгізілгеннен кейін баланың нысаналы талаптары мен инвестициялық кірісі өткізіп алған кезеңді ескере отырып, келесі жылы толық есептелетін болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Қазақстанда 2024 жылы 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ
Қазақстан Үкіметі шикізатқа бағдарланған экономикадан қосылған құны едеуір жоғары салаларға басымдық беретін экономикаға өту жөніндегі шараларды іске асыруды жалғастыруда. Бұл индустрияландыруды және оның қарқынды дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Мәселен, өткен жылы өңдеу өнеркәсібінде 928 млрд теңгеге 170 жоба іске асырылды. Отандық тауар өндірушілермен 179 ұзақ мерзімді шарт пен оффтейк-келісімшарт жасалды. Барлық қабылданған шаралардың арқасында өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен өнеркәсібінің үлесімен теңесті.
Биыл 1,2 трлн теңгеге 180 индустриялық жоба іске асырылмақ. Сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын отандық шикізатпен қамтамасыз етудің жаңа тетігі индустрияландыруды жеделдетуге ықпал ететін болады.
Машина жасау саласын дамытудың 2028 жылға дейінгі кешенді жоспарын орындау арқасында осы саланың жалпы қосылған құны 4,5 есе өседі деп күтілуде.
Жалпы бүгінде Қазақстанда 32 трлн теңгеге 1 мыңға жуық инвестициялық жобаның жалпыұлттық пулын іске асыру жалғасуда. Бұл экономиканың барлық салаларына қатысты. 2023 жылы 1,8 трлн теңгеге 298 жоба іске қосылды. 2024 жылы жалпы сомасы 3,8 трлн теңгеге 326 жоба іске асырылмақ.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша инвестициялық штабтың жұмысы қайта қаралып, күшейтілді. Ірі инвестициялық жобалар бөлек қаралады, туындайтын барлық мәселелер жеке қаралып, шешілетін болады.
Үш апта ішінде 96 мың талапкер қаңтар ҰБТ-сын тапсырды
Қаңтар айындағы ҰБТ басталғаннан бері 96 мыңға жуық адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 77,4% – ы қазақ тілінде, 22,5% - ы орыс тілінде, 57 талапкер ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
ҰБТ басталғалы шекті балды 77%-ға жуық талапкер жинады. Орташа бал 68 балды құрады.
Тестке қатысушылардың басым бөлігі «Биология-Химия» комбинацияларын таңдаған, нақтысында, 18%-ы тапсырды. «Математика-Физика» пәндерін 17% таңдаған. Сондай-ақ, топ-3 қатарына талапкерлердің 12% таңдаған «Математика-Информатика» комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – «Химия-Физика», оны 108 адам тапсырған.
«Үш аптаның қорытындысы бойынша ең жоғары балл – 136. Жалпы, еліміз бойынша 56 тестке қатысушы 130 балдан жоғары жинады. Айта кетейік, 2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады», - деп атап өтті ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға үш аптада 242 талапкер қатысқанын айта кеткен жөн.
Бүгінгі таңда 118 ереже бұзушылық анықталған. Оның ішінде 79 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 39 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат апелляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Жемқорлардан тәркіленген қаржыға тағы 20 жаңа мектеп салынады
Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 15 мыңға жуық оқушыға арналған 20 жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.
Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа салынатын білім беру нысандарының тізімі ведомствоның сайтында жарияланған. Оған мыналар кіреді:
• апатты мектептерді ауыстыратын 2740 оқушыға арналған 5 мектеп құрылысы (екі ауысымда);
• үш ауысымда оқытуды жою үшін 1200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• оқушы орынының тапшылығын жою үшін 8976 оқушыға арналған 11 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• тозығы жеткен мектепті ауыстыратын 200 орындық 1 мектептің құрылысы (екі ауысымда);
• екі мектепке қосымша корпустар салу (мәжіліс және спорт залдары, асханалар).
Шымкент қаласында, Жетісу және Қызылорда облыстарында үш мектептен, Жамбыл облысында төрт мектеп, Астана қаласы мен Алматы облысында екі мектептен, БҚО, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында бір мектептен салынады.
Өткен жылы Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан 96 млрд теңгеге 76 738 оқушы орынына арналған 62 жоба қаржыландырылған болатын.
2023 жылы 17 мыңнан астам азамат Отбасының цифрлық картасы арқылы МӘСҚ-тен әлеуметтік төлем алды
2023 жылы Отбасының цифрлық картасының көмегімен SMS-ке жауап беру арқылы 17 270 азамат Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алу құқығын пайдаланды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Отбасының цифрлық картасы азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілді мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқылы екенін жеткізіп отыратын «электрондық жаршы» қызметін атқарады.
Қазіргі уақытта ОЦК әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылатын қазақстандықтарға қандай да бір өтініштерсіз МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдердің мынадай 3 түрін ресімдеуге мүмкіндік береді: еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер.
Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. SMS алған азамат оған келісімі жөнінде жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік төлемді тағайындау кейін алушының банктік шотына ақша қаражатын аудара отырып, автоматты режимде жүргізілетін болады.
Төлем алушының ұялы телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген жағдайда, әлеуметтік төлемдер тағайындау бойынша қызметтерді проактивті форматта көрсетуге болады, оны egov.kz порталы арқылы жасауға болады.
2023 жылы ОЦК көмегімен 17 270 азаматқа МӘСҚ-тен әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
Жалпы, өткен жылы шамамен 1,3 млн қазақстандық МӘСҚ-тен 750,7 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды.
1,5 мың колледж студенті мақсатты мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда
Ақмола облысының ТжКБ ұйымдары студенттерді оқытуда
97 мамандық және 165 біліктілік бойынша. Ағымдағы оқу жылында «Құрылыстағы сметалық іс», «Ғимараттарды жобалау мен пайдаланудың автоматтандырылған жүйелері», «Жылыжай шаруашылығы», «Еңбекті қорғау және технологиялық процестердің қауіпсіздігі» және т.б. жаңа мамандықтар бойынша лицензиялар алынды.
Екінші жыл қатарынан кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау үшін талапкерлерді іріктеу жүзеге асырылуда. Бүгінде 1,5 мың студент мақсатты мемлекеттік тапсырыс аясында білім алуда. Бұл студенттерге жұмыс орындарын табуға мүмкіндік берді
оқу кезеңінде, ал жұмыс берушілер білім беру процесіне қатысады.
ҰБТ қатысушылары үшін тестілеу нәтижелеріне тақырыптық талдау қолжетімді
ҰБТ қатысушылары үшін тестілеу нәтижелеріне жеке тақырыптық талдау ұсынылады. Деректер емтихан аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болады, бұл тестілеуге дайындық сапасын жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Тестілеуге дайындық сапасын арттыру мақсатында 2022 жылы тестілеу нәтижелеріне жеке тақырыптық талдауды енгізді. Емтихан аяқталғаннан кейін түлектер дұрыс және бұрыс жауаптармен ғана емес, сонымен қатар ҰБТ нәтижелерінің толық талдауымен де таныса алу мүмкіндігіне ие.
«Яғни, тестіленушілер жеке тақырыптар бойынша өздерінің әлсіз жақтарын анықтай алады. Талдау тестілеу аяқталғаннан кейін бірден қолжетімді болып, тестіленушінің жеке кабинетінде сақталады. Менің ойымша, талдау негізгі ҰБТ-ға дайындалу барысында ерекше маңызға ие болды. Бұл түлектерге әр пән бойынша материалды игеру деңгейін бағалауға, қателік жіберілген тақырыптарды терең зерттеуге көмектеседі. Тақырыптық талдау талапкерлерге басты емтиханға сапалы дайындалуға көмектеседі деп үміттенеміз», – деді ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Тестілеу туралы мәліметтермен талапкерлер ҰТО сайтындағы жеке кабинетте немесе UTO қосымшасы арқылы таныса алады.