Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

«Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2023 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы

қызметі туралы есеп

 

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың және азаматтардың мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі.

Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі қағидалардың негізінде көрсетіледі: қызмет алушылардың тегіне, әлеуметтік, қызметтік және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына,  тұрғылықты жеріне немесе кез келген басқа жағдайларға байланысты ешқандай кемсітусіз тең қол жеткізу;

мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бюрократия көріністеріне жол берілмейтіндігі;

мемлекеттік қызметтер көрсету саласында есеп беруі және ашықтық;

мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қол жетімділігі;

мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;

мемлекеттік қызметтерді көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.

«Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі        

           Шортанды ауданы "Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі  2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің м.а. бұйрығымен бектілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне сәйкес, жеті мемлекеттік қызметтің түрін көрсетеді:

  1. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім шығару»

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы көрсетіледі. 2023 жылы  - 3 қызмет көрсетілді.

  1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»

 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған) /қағаз түрде.

2023 жылы 55 қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші этап бойынша -35, екінші этап -20.

  1. "Сауда– саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық үкімет порталы арқылы арқылы көрсетіледі. 2023 жылы электрондық үкімет порталы арқылы 52 қызмет көрсетілді, оның ішінде бірінші этап -28, екінші этап - 24.

  1. 4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату"

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) / қағаз түрде. 2023 жылы 2 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. «Жер учаскесін алу үшін кезекке тұру»

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны - электрондық (жартылай автоматтандырылған). 2023 жылы 297 өтініш келіп түсті.

  1. «Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту»

Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған) / қағаз түрде. 2023 жылы 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

  1. «Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету) - Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету нысаны электрондық (жартылай автоматтандырылған). 2023 жылы - 6 өтініш қаралды.

"Сауда– саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу"мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша негізделген бас тартулардың саны - 8.

«E-gov» бұрышы арқылы 464 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде ақпараттық стендте қоғамдық орындарда орналастырылған.

Бозайғыр ауылдық округі әкімі аппаратының барлық мамандары үш жыл сайын кесте бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2023 жылғы 1 қаңтар мен 31 желтоқсан аралығында көрсетілетін қызметті алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Халық назарына:

Есепті жария талқылау 2024 жылдың 01 наурыздан 30 наурызға дейін өтеді. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өз пікірлеріңізді, пікірлерін, ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңізді www.shortandy.gov.kz аудан әкімінің сайтында орналастыруға болады немесе тұрғылықты жерлеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға тікелей ұсынуға болады.

Байланыс ақпараты:

Бозайғыр ауылы, Ляна көшесі, 43, «Бозайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, телефондар: 8 (71631) 25-6-75, 25-1-35. Электрондық пошта мекен-жайы: bozaygir.akimat@mail.ru.

Қабылдау демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады.

 

 

Бозайғыр ауылдық округінің әкімі                                            Б.Шаймұрат                               

 

 

Дата публикации
01 марта 2024
Дата обновления
01 марта 2024
Тип
Есеп

Сейчас читают

Ақпарат
27 декабря 2024
"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Ақпарат
27 декабря 2024
Мемлекеттік қызметтер
Ақпарат
25 июля 2024
Ағымдығы жылғы 6 айда Мемлекеттікқызметістеріагенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің ден қою шаралары негізінде 62 азаматқа жер учаскелері ұсынылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы