Ереже

Шортанды ауданының «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің

ЕРЕЖЕСІ

 

 1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Шортанды ауданының «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты) Андреевка ауылдық округі әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  3. Әкім аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі атаулары бар мөрлері және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдардағы шоттары болады.
  4. Әкім аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарға шыға алады.
  5. Әкім аппараты егер ол заңнамаға сәйкес уәкілетті болса мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға жақ болуға құқығы бар.
  6. Шортанды ауданының Андреевка ауылдық округі әкімі аппараты туралы Ереже, оның құрылымы Шортанды ауданының әкімдігімен бекітіледі.
  7. Әкім аппаратының толық атауы - Шортанды ауданының «Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Әкім аппаратының заңды мекенжайы: 021602 Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы Шортанды ауданы, Андреевка ауылы, Әуезова көшесі, 46.

  1. Шортанды ауданының Андреевка ауылдық округі әкімінің аппараты Шортанды ауданының әкімдігімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.
  2. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  3. Әкім аппаратына кәсіпкерлік субъектілермен округ әкімі аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2-тарау. Шортанды ауданының Андреевка ауылдық округі әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері

 

  1. Міндеттер:

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

  1. Функциялар:

Шортанды ауданының Андреевка ауылдық округі әкімі аппараты өз құзыреті шеңберінде:

жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуді, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізуді ұйымдастырады;

жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округі әкімімен мақұлданған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округі бюджетінің жоспарлауы мен орындалуын қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастық жиыны мен Шортанды аудандық мәслихатына Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округі бюджетінің орындалуы туралы есеп береді;

Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің бюджетін жүзеге асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастықтың жиналысына бекіту үшін ұсынады;

Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға оның мұлкі Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің  коммуналдық меншігінде болатын алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге адамға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) меншік құқықтарын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша сенімгерлік басқарушының міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың олардың мүлкі Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінде болатын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

2) Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округі әкімі аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып 
алу-сату шарттарын әзірлеу мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, оның мүлкі Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінде болатын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі), сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

Шортанды ауданы әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын, оның мүлкі Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінде болатын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі) жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мемлекеттік кәсіпорындардың, оның мүлкі Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінде болатын (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі) даму жоспарларын және оларды орындау жөніндегі есептерін қарайды, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайда келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:

мемлекеттiк органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрау және алу;

 мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алу және жүзеге асыру;

осы мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттың, ғылыми мекемелердің ақпараттық базаларын пайдалану;

өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасасу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

  1. Өз құзыреті шегінде әкім аппаратының міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдерінің және әкімдіктерінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

3-тарау. Шортанды ауданы Андреевка ауылдық  округ әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру

 

  1. Әкім аппаратына әкім басшылық етеді.
  2. Әкімнің өкілеттіктері:

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметін басқаруды жүзеге асырады;

жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы заңнамасымен көзделген бюджет қаражатының үнемдеу және (немесе) түсімдер есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлерді қабылдайды; 

мемлекеттік мекемелермен олардың билігіндегі тауарлардың сатылуынан (жұмыстар, қызсмет көрсетуден) ақша шығыны мен түсімдердің жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің тұрғын үй қорының түгендеуін жүргізеді;

Шортанды ауданының әкімінің және дергілікті қоғамдастық жиынының  келісімі бойынша Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің авариялық тұрғын үйлердің құлатуын ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауылдық халқын кішігірім кредиттеуде жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Әкімде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімнің орынбасары болуы мүмкін.
  2. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.
  3. Әкім әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.

 

4-тарау. Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округ әкімі аппаратының мүлкі

 

  1. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Әкім аппараты мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік Шортанды ауданы Андреевка ауылдық округінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімінсіз өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Шортанды ауданы Андреевка

ауылдық округ әкімінің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

Дата публикации
16 января 2024