
Тұтынушы А. дүкеннен ұялы телефон сатып алды, бір аптадан кейін "2"батырмасы жұмысын тоқтатты. "2" батырмасын жөндегеннен кейін жаңа ақау пайда болды: камера мен дисплей жұмыс істемеді. Бұл модельдің телефонының болмауына байланысты телефонды ауыстрыру талабынан бас тартылды. Құнның толық сомасын қайтарудан бас тартылды (төлеген соманың тек 90% қайтарылады). Тұтынушы А. өз ақшасын қалай қайтара алады?.
Бұл жағдай туындаған кезде телефон сатып алынған дүкен директорының атына тиісті емес сападағы тауар үшін ақшаны қайтаруды сұрау бойынша жазбаша өтінішпен жүгіну қажет. Шағымға жауап немесе шағымнан бас тарту 10 күн ішінде берілуі керек. Шағым 2 данада берілуі керек, олардың біреуі кіріс нөмірімен және шағымның қабылданған күнімен қалады. Егер сатушының директоры шағымды қабылдаудан бас тартса, оны хабарламамен пошта арқылы жіберуге болады.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 7-бабының 6) тармақшасына және 13-бабына сәйкес тұтынушының сатып алынатын тауардың тиісті сапасына құқығы бар.
Тиісті емес сападағы тауар сатып алынған жағдайда тұтынушы "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 15-бабының 1-тармағына, сондай-ақ ҚР Азаматтық кодексінің 428-бабының 1-бөлігіне сәйкес өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын мөлшерлес төмендетуді немесе тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды тиісті және сападағы тауарға ауыстыруды немесе келтірілген залалдарды өтеумен шартты бұзуды талап етуге құқылы.
Әйтпесе, ҚР жоғарыда аталған Заңының 30-бабының 6-тармағында "сатушы тұтынушыға тұтынушының талабын орындауды кешіктірген әрбір күн үшін тауар құнының 1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді"деп көзделген.
Нақты: Тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша оқу-әдістемелік құрал / Д. К. Оспанова, Д. Б. Тобаев, в. К. Сыздықов және т. б.