
Аудан аумағында «АМАНАТ» саяси партиясының екі филиалы бар - «АМАНАТ» партиясы Целиноград аудандық филиалы және «АМАНАТ» партиясы Ақмол ауылындағы «Феникс» филиалы, сондай-ақ «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.
«АМАНАТ» партиясы Целиноград аудандық филиалы құрамында 18 бастауыш партия ұйымы бар, төрағасы Целиноград ауданының әкімі Оспанбеков Бахидбек Амантайұлы. «АМАНАТ» партиясы мүшелерінің саны 2022 жылдың 1 шілдесіне 3140 адамды құрады.
«АМАНАТ» партиясы Ақмол ауылы «Феникс» филиалының төрағасы, Бажко Максим Владимирович, «Шаңырақ басқарушы компаниясы» ЖШС-нің бақылау кеңесінің мүшесі. «Феникс» филиалының мүшелерінің саны 1030 адам.
«Ауыл» партиясының мүшелерінің саны – 600 адам.